|
 1-дәріс. Пәнге кіріспе. Курстың мақсаты мен міндеттері. Мәліметтер түсінігі және типтері
|
бет | 3/10 | Дата | 21.10.2022 | өлшемі | 16,6 Mb. | | #39780 |
| Лекция 1 - Графикалық мәліметтер (Графические данные; graphic data) — 1) графикалық
- бейне түріндегі (сурет, схема) мәліметтер; 2) графикалық объектілерді бейнелеуге жеткілікті болатын олардың машиналық өрнегі.
- Дискрет (цифрлық) мәліметтер (Дискретные (цифровые) данные; digital data) — цифрлық кодпен өрнектелген мәліметтер.
- Екілік мәліметтер (Двоичные данные; binary data) — екілік кодпен өрнектелген мәліметтер; мәндері екілік санау жүйесіндегі сандар болып келетін мәліметтер.
- Жабық (қорғалган) мәліметтер (Закрытые (защищенные) данные; restricted data) — кейбір өзгертулердің ғана пайдалану мүмкіндігі бар мәліметтер. Әдетте, қорғау пароль жүйесі арқылы іске асырылады.
МӘЛІМЕТ ТИПТЕРІ - Кірістік мәліметтер (Входные данные; input data) — өңдеу немесе сақтау үшін жүйеге енгізілетін мәліметтер.
- Ондық мәліметтер (Десятичные данные; decimal data) — ондық санау жүйесінде өрнектелген мәліметтер.
- Реттелген мәліметтер (Упорядоченные (отсортированные, ранжированные) данные; ranked data) — берілген реттік қатынаспен орналастырылган мәліметтер (<- өспелі, >-кемімелі, <=кемімейтін, >= -өспейтін).
- Шифрланган мәліметтер (Зашифрованные данные; cipher data) — компьютердің жадында шифрланган түрде сақталатын мәліметтер (яғни криптографиялық қорғау тәсілі қолданылған мәліметтер).
- Шығыстық мәліметтер (Выходные данные; output data) — мәліметтерді шығару құрылғыларына компьютерден түсетін мәліметтер; программаның орындалу нәтижелері.
28 қаңтар – Халықаралық дербес мәліметтерді қорғау күні. 1981 жылы дәл осы күні жеке сипатқа ие мәліметтердің автоматты түрде өңделуіне қатысты жеке тұлғаларды қорғау туралы Конвенцияға қол қою мәселесі жария болған еді. Содан бергі 40 жылдың ішінде дижитал ұғымы толыққанды өзгерді: бүгінгі адамды электронды поштасыз, құжаттарын сақтайтын бұлтсыз (облако) және әлеуметтік желісіз елестету әсте мүмкін емес. Алайда, күнделікті қауырт тіршілігімізді жеңілдету үшін ойлап табылған тетіктердің теріс жағы да бар: жеке мәліметтеріңізді сіздің рұқсатыңызсыз әлдекімдер, әсіресе, алаяқтар өз пайдасына қолдануы әбден мүмкін, қайткенмен де қауіп жоқ емес.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|