72. Сығылған сырықтардың орнықтылығы. Дағдарыс күші үшін Эйлердің формуласы.
Кез келген жүйенің, сыртқы күштер әсер еткенде, өзінің бұрынғы күйін сақтап қалу қасиетін, жалпылама айтқанда, орнықтылық дейміз. Cығылып тұрған сырықтың орнықтылығын зерттегенде, оның осі түп-түзу, материалы біртекті, сыртқы күш сырықтың қимасының дәл центріне түскен деп қабылданады.
Енді сыртқы күштің шамасы нөлден бастап, біртіндеп өссін дейік. Күш осылай өсе-өсе бір шамағажеткенде, сырықтың күйі дағдарысқа ұшырайды. Күштің одан әрі сәл өсуі, сырықтың орнықтылығын жоғалтуына әкеп соғады, демек, бұл кезде сырық орнықтылық пен орнықсыздықтың шекарасында тұрады. Міне осы күш - дағдарыс күші деп аталады, яғни жүйенің орнықтылығын жоғалтатын ең аз күшті дағдарыс күші дейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |