(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:
1-7 мин.
|
Ширату тапсырмасы. «Сенемін-сенбеймін» ойыны
Оқушылар шеңбер құрып отырады. Мұғалім тек шындықты айтқан кезде ғана допты қағып алулары керек. Егер жаңылысып, допты қағып алатын болса, онда оған ескерту карточкасы беріледі. Бір ескерту алмаған оқушы «ең зейінді» болып есептеледі.
Мұғалім допты кез келген бір оқушыға лақтырып, былай деп айтады:
– Піл ұша алады;
– Армансыз адам болады;
– Мамандықсыз да ақша табуға болады;
– Құстар апанда ұйықтайды;
– Балықтар құрлықта өмір сүреді;
– Армандар орындалады;
– Ұшпайтын құстар да болады;
– Күлкі адам өмірін ұзартады, т.с.
|