93
байланысты болып келеді. Белгілі тілдік жүйені меңгеру балалардың мүмкіншіліктері мен
психологиялық ерекшеліктеріне тікелей байланысты болғандықтан , баланы қоршаған әлеуметті
де барынша қамту керек.
«Білім сапасы – бүтін ел мәртебесі» деген қағиданы деген ұстанған Қазақстан мемлекеті де
арнайы оқыту жүйесіне көңіл бөліп, сала бойынша ғылыми ізденістер ауқымын кеңейтуде. «Ел
боламын десең, бесігіңді түзе» деген М.Әуезов атамыздың ұлы сөзінің өзі бүгінгі күнге шейін біз
сүйеніп жүрген Кеңес әдебиеттеріне бағына бермей, төл тіліміздің тізбегін қолға алуды меңзейді.
Сондықтан, қазіргі кезде өз бастауын алып, зерттеу жұмысының өзекті мәселелеріне арналған
жұмыстарының бірі төл тіліміздің дактильдік альфавитін меңгеру ерекшеліктері біздің
тарапымыздан да қызығушылық туындатуда. Қай ғылыми жүйе болмасын, оның өткен тарихын
білмей, алға қарай қадам басу мүлдем орынсыз. Сондықтан, осы мәселеге қатысты ақпараттарды
барынша ашуға тырыстық.
Арнайы оқыту процесіндегі сөйлеу тілінің дактильдік формасын қолдануды С.А.Зыков (1961,
1977) компенсациялаудың басты механизмі ретінде танып, оның келесі қасиеттерін ерекше атап
өткен болатын [15].
- Есту қабілеті зақымдалған бала сөздің әр элементін көре алатын болғандықтан, дактильдік
сөйлеу тілі оңай қабылданады.
- сөйлеуші тұлға сөйлеу тілінің дактильдік формасын қолдана отырып, өзін толықтай басқара
алады.
- дактильдеу кезінде саусақ кинестезиясы қалыптасып, соның арқасында сөздің құрылымы оңай
әрі дұрыс қалыптасады.
- артикуляциялық аппарат кинестезиясы мен саусақ кинестезиясының арасында мықты
нейродинамикалық байланыстар орнатылып, соның нәтижесінде дактильдік сөйлеу тілі ауызша
сөйлеу тлінің негізгі тірегіне айналады.
- дактильдік сөйлеу тілі мүшеленген сөйлеу тілін, оның грамматикалық құрылымын, сөздік қорға
қатысты құрамын меңгеруге көмектеседі.
- дактильдік сөйлеу тілі азда болса ымдық қол-қимылдық сөйлеу тілін ығыстырып, ауызша сөйлеу
тілдің бастапқы кезеңін қамтамасыз етеді.
Сөйлеу тілдік кинестезияның дамуына орай физиологтар қимыл-қозғалыс компонентіне
ерекше
ролді жүктеген. Л.П.Носкова (1983), А.Н.Соколованың «ойлау процесіндегі сөйлеу тілдік
кинестезияны басқарушы функция» теориясына сүйене отырып, тіпті қалыпты еститін балаларды
тілге оқытуда саусақ қимыл-қозғалыстарына негізделген дактилология екінші кезектегі көмекші
құрал ретінде қолданыла алатындығын дәлелдеген болатын [8]. .Ал, Л.А.Новикова 1955 мен
Е.Н.Марциновскаяның (1962) электрофизиологиялық әдістердің көмегімен жүргізген арнайы
зерттеу жұмыстары дактилология есту қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілі сияқты
кинестетикалық сезім мүшелерінің негізінде қалыптасатынын көрсетті [9].
Жазбаша түрде ұсынылатын мәтінді дактильдей отырып шығару дұрыс көшіруге сәйкес келеді
деп айта аламыз. Ал, тұрақты түрде қате көшіру барысында сөздің бейнесін моторлы-көру арқылы
қабылдаудың тұрақты бұзылыстары қалыптасады. (И.В.Коломыткина, 1977). Осыған тағы бір
аналогияны жатқызуға болады. Жазуды жаңадан меңгеріп келе жатқан есту қабілеті қалыпты
жағдайдағы баланың сөйлеу тілдік артикуляциясында ерекше және маңызды ролі байқалады.
(Л.К.Назарова, 1952). Сөзді артикуляциялау жазу кезінде сөздің дыбыстық құрылымын саналы
түрде меңгерудің жағдайы болып келеді: бұнда бала сезінетін кинестетикалық сезімдер сөздегі
дыбыстың құрамын анықтап, жазылатын сөздердің дыбыстарын фиксациялап, анықтауға өз
ықпалын тигізеді. Теория мен практиканы ұштастырған сурдопедагогикалық процестегі тілге
оқытудың алғашқы кезеңі күрделі әрі жауапкешілігі мол болып келеді. Себебі, осы кезеңде
балаларды ауызша сөйлеу тіліне оқытудың алғашқы іргетасы қаланып, тілге оқыту жұмыстары
жүзеге асады. С.А.Зыков көрсеткендей, /15/ дактильдік сөйлеу тілі ауызша сөйлеу тілін
меңгерумен үйлесіп, ал, онымен танысу мен оны қарым-қатынаста қолдану ауызша сөйлеу тілінің
қарапайым дағдыларын қалыптастырудағы таптырмас жолы болып келеді. Балалар тарапынан
сөйлеу тілінің дактильдік формасын меңгеру дактильдеуші мұғалімдерге еліктеуден басталады.
Сондықтан бұл үрдіс есту қабілеті зақымдалған балалар тарапынан сөздер мен фразаларды
меңгеру кезінде арнайы техникаларды мұқият қолдануды болжайды [17].
Дактилология естімейтін балаларды арнайы оқыту жүйесінде де өзіндік мотивацияланған
орнына ие болды. (Р.М.Боскис, 1963, 1968; К.Г. Коровин, 1961; К.В.Комаров, 1982, 1983;
Н.Ю.Донская, 1982). Соған орай дактилологияның әріп пен дыбыстың арасындағы байланысты
орнатады деген сияқты қасиеттері анықталды .