Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер.
•
Энштейн неліктен ашуланды?
•
Гете уақытты қалай бағалаған екен?
•
Қытай халқы уақытты қалай бағалайды?
•
Уақытты бағалау дегенді қалай түсінесің? Мақал-мәтелдерді қолданып сөйле.
Дескриптор
Білім алушы
-
мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
-
уақытты бағалау туралы ойын айтады;
-
сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданады.
Бірде Эйнштейн көз ілмек болып қызметшісіне: «Мені жарты сағаттан
кейін оятыңызшы» — депті. Ғалымға жаны ашыған қызметшісі біраз тынығып
алсын деп, бір сағаттан кейін оятыпты. Тұра сала жалма-жан сағатқа қараған
ғалым жарты сағаттан кейін оятпаған қызметкеріне қатты ренжіп, «Ал, жарты
сағатымды қайтарып беріңіз» депті.
«Ұрланған заттың орнын басқа нәрсемен толтыруға болады, ал қымбат
уақыттың орнын ешқашан толтыра алмайсың», деп Гете де уақыт мәселесіне
салғырт қарамаған екен.
Ал қытай халқында «Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың»
деген мақал бар екен. Ендеше, қайта айналып келмейтін алтын уақытты өте тиімді
пайдалану керек.
22
Бөлімше 1.5 Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру
Оқу мақсаты
3.1.5.1 Өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана
отырып жеткізу
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Ойын бейнелі сөздердің көмегімен жеткізеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
Мәтіннің мазмұнын айт. Сөйлеу барысында көркем сөздерді қолдан.
•
Данияр гүлдерді неліктен өзіне ұқсатты деп ойлайсың?
Дескриптор
Білім алушы
-
мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды;
-
сөйлеу барысында көркем сөздерді орынды қолданады;
-
мәтіннің кейіпкеріне қатысты ойын айтады.
Ертеде Данияр деген бала болыпты. Қалалы жерде өмірге келген оның
денсаулығы нашар екен. Жиі-жиі сырқаттанып, ауруханаға түсе беріпті. Бір қызығы
—
ол өзінің аурушаңдығына онша қынжыла қоймапты. «Бала болғаннан кейін,
осылай науқастану керек шығар», — деп ойлапты. Сөйтіп жүріп, әртүрлі ем алуға,
дәрі-дәрмекке еті үйреніп кетіпті.
Даниярдың көзін аша салып көргені — қабат-қабат биік үйлер, асфальт
төселген кең көшелер, жарқылдаған жарықтар, арлы-берлі ағылған қалың машина.
Солардың арасында жасыл желекті ағаштар мен қызыл ала гүлдер кездесіп қалады.
Данияр енді сол гүлдерді көру үшін көшеге шығатын болды. Ол әлгі гүлдерді өзіне
ұқсатты.
23
|