95
4. Оқушылардың жаңа бір нәрсені ашуы: оқушы ӛзін белгілі бір
жаңалықтардың авторы
ретінде сезінеді, бұл оған белгілі бір пән тӛңірегіндегі қызығушылығын жүзеге асыруға
мүмкіндік береді. Шығармашылық әрекет оқушыны ӛзіне тартып баули түседі».
Бұл аталған шығармашылық әрекет сипаттамада басқа қосымшалар да болуы мүмкін.
Мысалы, ғалымдар шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, дамыту үшін қажетті
жағдайлардың болуы керектігін және қорқыныш; жалқаулық, ӛзін-ӛзі бағаламау сияқты
психикалық кедергілерден тұратын қарама-қайшылықтармен күресу қажет екенін айтады.
Оқушы оқу іс-әрекетінің ғылыми педагогикалық проблема ретіндегі ӛзекті мәселелердің бірі
– оның қалыптасуының кезеңдері. ӛйткені «оқыту барысында оқушының оқу іс-әрекетін
ұйымдастыру мәселесі шығармашылық неше кезеңдерінен тұратындығын білуді талап етеді.
Шығармашылық үрдістің әр кезеңінде бала бойында әр түрлі сапалық қасиеттер
қалыптасады. Мысалы; алғашқы кезеңдерде жаңалықты сезіну, қарама-қайшылықтарға
деген ілтипат келесі сәттерде шығармашылыққа деген күдік, шығармашылық елес орын
алады. Егер де белгісіздік кезеңінде табандылық, танымдылық ой қиялды қалыптастырса,
еңбектің нәтижесі баланы жоғары кӛңіл-күйге бӛлеп, жаңа істерге қанаттандырады.
Оқушының эмоционалдық қызығушылығы іс-әрекет барысында кӛрінеді. Тӛменгі сынып
оқушыларының оқу іс-әрекетіне қызығушылығын тәрбиелеу және қалыптастыру үшін
қызғылықты жаңалықты салиқалық мазмұндағы іс-әрекеттің жас ерекшелігіне
сәйкестілігімен сипатталатын ыңғайлы негіз болып табылады.
Оқу іс-әрекетіне қызығушылықты туындататын негіздің бірі - ол балалардың
проблемалық сипаттағы дербес шығармашылық әрекеті. Мұндай іс-әрекет тапсырмасы жеке
даярлайтын шығармашылық міндеттерді шешудің тиімді әдістерін жаңа құралдарын
қарастыруды ұйымдастыру, табысқа жету мен жеңіп шығу жағдайын қалыптастыруды қол
жеткен жетістіктердің барабарлық (адекваттық) бағасын беру, іс-әрекеттің әртүрлі
формаларын қолдануды ойластырады. Оқу іс-әрекетіне деген қызығушылықты
қалыптастыруға қажетті жағдайға баланың ӛзара және мұғалімдермен арадағы қарым –
қатынасты ұйымдастыру деңгейі, іс-әрекеті (интеллектуалдық шығармашылық кӛңіл-күй,
қарым-қатынастағы
байсалды тілектестік сарын, қиыншылық пен табысқа ортақтастық, ӛзара
кӛтермелеу, педагогтің бала шығармашылығына деген сенімі және оны ынталандыру).
Жоғары эмоциональды тонусымен ерекшеленетін қатынас педагогтің ӛзінің шығармашылық
кӛңіл-күйіне сондай-ақ жарыстың мадақтаудың барабарлығымен ерекшеленеді. Оқу іс-
әрекетіне қызығушылық, шығармашылықпен ойлау қабілеті сияқты ӛзінің дамуында
жекелеген ерекшеліктерге ие болады.
Г.И. Щукинаның пікірінше, балалар шығармашылығының кӛрінуіне жататын танымдық
қызығушылық нәтижесі, сондай-ақ, тӛменгі сынып оқушыларының оқу іс-әрекетіне
қызығушылық сипатын оның тәжірибелік, эксперименттік жұмысындағы даму динамикасы
барысын
бақылау
негізінде
тӛменгі
сынып
оқушыларының
оқу
іс-әрекетіне
қызығушылығының негізгі нәтижелерін айқындауы мүмкін және оның даму деңгейін
бағалайды. Олар: белсенділік іс-әрекетіндегі бастамашылдық; дербестік; эмоциональдық
түрде кӛріну ерекшеліктеріне ұмтылыс, қызығушылықтың (сыртқы және іс-әрекет
процесіне) кӛріну сипаты; жоғары бағалайтын іс-әрекет деңгейінің (орындаушылық және
шығармашылық) тип: ынта-ықыластың бір жерге шоғырлануы жатады. Аталмыш
кӛрсеткіштер тӛменгі сынып оқушыларының оқу іс-әрекетіндегі қызығушылық деңгейлерін:
тӛменгі, ортаңғы, жоғары деңгейінің сипаттамасын жасаған кезде негізге алынды. 12
жылдық білім беру үрдісіне кӛшу қажеттігін айқындап отыр. Еліміздегі жаңа білім беру
реформасы 12 жылдық білім беруге кӛшу арқылы дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға
бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, ―жалпыға арналған білімнен‖, ―білім әркімге ӛмір
бойы‖ үлгісіне кӛшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етуді
мақсат етеді. Бірақ жыл асқан сайын оқу бағдарламалары бойынша 12 жылда берілетін білім
кӛлемінің ауқымдылығы оқу жүктемесінің шектен тыс кӛбеюіне әкеліп, білім сапасы мен
оқушылар денсаулығына кері әсерін тигізіп отыр. Қалыптасқан бұл жағдай оқушылардың
оқуға ынтасын да тӛмендететінін тәжірибеден байқап жүрміз. Осыған орай қазіргі білім беру