53
IV бөлім
3) Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылысы
мәселелерін шешу тәртібін белгілейді;
4) мемлекеттік наградаларды тағайындайды, Рес-
публиканың құрметті, әскери және өзге де атақтарын,
сыныптық шендерін, дипломатиялық дәрежелерін белгілей-
ді, Республиканың мемлекеттік рәміздерін айқындайды;
5) мемлекеттік заемдар мен Республиканың экономикалық
және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді;
6) рақымшылық жасау мәселелерін шешеді;
7) Республиканың халықаралық шарттарын ратификаци-
ялайды және олардың күшін жояды.
2. Парламент палаталардың бөлек отырысында мәселелерді
әуелі - Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау
арқылы:
1) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерді
талқылайды;
2) Республика Президентінің қарсылығын туғызған заңдар
немесе заңның баптары бойынша қарсылықтар жіберілген
күннен бастап бір ай мерзім ішінде қайталап талқылау мен
дауысқа салуды өткізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы Пре-
зидент қарсылықтарының қабылданғанын білдіреді. Егер
Мәжіліс пен Сенат әр Палата депутаттарының жалпы санының
үштен екі көпшілік даусымен бұрын қабылданған шешімді
растайтын болса, Президент бір ай ішінде заңға қол қояды.
Егер Президенттің қарсылығын ең болмаса Палаталардың
бірі еңсермесе, заң қабылданбайды немесе Президент
ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледі. Парламент
қабылдаған конституциялық заңдарға Мемлекет басшысының
қарсылығы осы тармақшада көзделген тәртіппен қаралады.
Бұл ретте Парламент Президенттің конституциялық заңдарға
қарсылығын әр Палата депутаттарының жалпы санының
кемінде төрттен үшінің даусымен еңсереді;
54
Қазақстан Республикасының Конституциясы
3) республикалық референдум тағайындау туралы бастама
көтереді.
Ескерту. 54-бап Қазақстан Республикасының 2007 жылғы
21 мамырдағы № 254-І Заңының редакциясында.
55-бап
Сенаттың ерекше қарауына мыналар жатады:
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұсынуымен
Республиканың Жоғарғы Сотының Төрағасын және Жоғарғы
Сотының судьяларын сайлау мен қызметтен босату, олардың
анттарын қабылдау;
2) Республика Президентінің Республика Ұлттық Банкінің
Төрағасын, Бас прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің Төрағасын тағайындауына келісім беру;
3) Республиканың Бас Прокурорын, Жоғарғы Сотының
Төрағасы мен судьяларын оларға ешкiмнiң тиiспеуi жөнiндегi
құқығынан айыру;
4) алынып тасталды;
5) Мәжілістің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылуына
байланысты, ол уақытша болмаған кезеңде Республика
Парламентінің конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау
жөніндегі функцияларын орындау;
6) Конституциямен Парламент Сенатына жүктелген өзге
де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескерту. 55-бап Қазақстан Республикасының 2007
жылғы 21 мамырдағы № 254-III Заңымен енгізілген
өзгерістермен.
56-бап
1. Мәжілістің ерекше қарауына мыналар жатады:
1) Парламентке енгізілген конституциялық заңдар мен
IV бөлім
заңдардың жобаларын қарауға қабылдау және осы жоба-
ларды қарау;
2) Палата депутаттарының жалпы санының көпшілік да-
усымен Республика Президентіне Республика Премьер-Ми-
нистрін тағайындауға келісім беру;
3) Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау;
4) Конституциямен Парламент Мәжілісіне жүктелген өзге
де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
2. Мәжіліс депутаттарының жалпы санының көпшілік
даусымен, Мәжіліс депутаттарының жалпы санының кемінде
бестен бірінің бастамасы бойынша Мәжіліс Үкіметке сенім-
сіздік білдіруге хақылы.
Ескерту. 56-бап Қазақстан Республикасының 2007 жылғы
21 мамырдағы № 254-І Заңының редакциясында.
57-бап
Парламенттiң әр Палатасы дербес, басқа Палатаның
қатысуынсыз:
1) Конституциялық Кеңестің екі мүшесін қызметке
тағайындайды; Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін,
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің үш мүшесін бес жыл мерзімге қызметке
тағайындайды;
2) Конституцияның 47-бабының 1-тармағында көзделген
ретте Парламент құратын комиссия мүшелерiнiң тең жарты-
сына өкiлеттiк бередi;
3) Палаталардың бiрлескен комиссиялары мүшелерiнiң
тең жартысын сайлайды;
4) Палаталар депутаттарының өкiлеттiгiн тоқтатады,
сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының
ұсынуымен оларға ешкiмнiң тиiспеуi жөнiндегi құқығынан
Қазақстан Республикасының Конституциясы
Палаталардың депутаттарын айыру мәселелерiн шешедi;
5) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша парламенттiк
тыңдаулар өткiзедi;
6) Палата депутаттары жалпы санының кемінде
үштен бірінің бастамасы бойынша Республика Үкіметі
мүшелерінің өз қызметі мәселелері жөніндегі есептерін
тыңдауға хақылы. Есепті тыңдау қорытындылары бойын-
ша Үкімет мүшесі Республика заңдарын орындамаған
жағдайда Палата депутаттары жалпы санының көпшілік
даусымен оны қызметтен босату туралы Республика Пре-
зидентіне өтініш жасауға хақылы. Егер Республика Пре-
зиденті мұндай өтінішті қабылдамай тастаса, онда де-
путаттар Палата депутаттары жалпы санының көпшілік
даусымен алғашқы өтініш берілген күннен бастап алты ай
өткеннен кейін Республика Президентінің алдына Үкімет
мүшесін қызметінен босату туралы мәселені қайталап
қоюға хақылы. Мұндай жағдайда Республика Президенті
Үкімет мүшесін қызметінен босатады;
7) Палаталардың үйлестiрушi және жұмыс органдарын
құрады;
8) өз қызметiнiң регламентiн, Палатаның ұйымдастыру
және iшкi тәртiбiне байланысты мәселелер бойынша өзге де
шешiмдер қабылдайды.
Ескерту. 57-бап Қазақстан Республикасының 1998 жылғы
7 қазандағы № 284-І; 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254-III
Заңдарымен енгізілген өзгерістер және толықтырумен.
58-бап
1. Палаталарды мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгерген
өз депутаттарының арасынан Палаталар депутатта-
ры жалпы санының көпшiлiк даусымен жасырын дау-
Достарыңызбен бөлісу: |