Психологиялық-педагогикалық іс-тәжірибе (үздіксіз)
бағдарламасына 2019/2020 оқу жылына жасалған толықтырулар мен өзгертулер
Елімізде 2020 жылдың 16 наурызынан бастап төтенше жағдай жариялануына байланысты білім беру мекемелерінің (практика базалары және ЖОО) қашықтықтан оқыту режіміне ауыстырылуына байланысты үздіксіз психологиялық-педагогикалық практика мазмұнына төмендегі өзгертулер енгізілді:
«ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ТӘЖІТИБЕ ТАПСЫРМАЛАР» БӨЛІМІ:
2-тапсырма.
Мекемедегі пән мұғалімдерінің педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру формалары мен әдістерін бақылау мақсатында сабақтары мен тәрбиелеу шараларының кем дегенде 15-іне қатысып, күнделікке жазып отыру керек.
11-15 апта аралығында «Balapan» телеарнасынан жүргізілетін үздік оқытушылардың сабағын тыңдау, талдау, күнделікке жазу.
4-тапсырма.
Өзі бекітілген 1 сыныпқа проективті әдістеме жүргізу, олардың суреттерін WhatsApp желісі арқылы қабылдап, жинақтап, алынған нәтижелерін өңдеп, талдау жасап, қорытындылау.
Достарыңызбен бөлісу: |