ә) Есепті сомалар беру.
Бұл есептер № 1250 «Қызметкерлердің қыс-
қа мерзімді дебиторлық қарыздары» активті шотында бейнеленеді.
Активтер осы активті шотқа шығыс етілетіндіктен, ақша қаражаттары
кредиттік жағында орналасады және шаруашылық операцияның
жазуы жоғарыда көрсетілген шоттың дебетіне жасалады. Проводка
төмендегіше болады:
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана
активті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 1250) 1 типті «Активті-
активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде тек
қана өзгерістер болады. Бір жағынан кәсіпорынның дебиторлық
180
қарыздары көбейеді, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада оның
ақша қаражаттарының мөлшері кемиді.
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.