118
да, онтогенезде де тұлға - индивидтің əлеуметтену нəтижесі.
«Тура биде туған жоқ» (Төле би). «Тұлға болып туылмайды, тұлға болып
қалыптасады» (А.Н. Леонтьев).
Əлеуметтену динамикалық сипатта болғандықтан, тұлға - бұл əрқашан да
үдеріс, бұл үнемі қалыптасу. Тұлғаның құлдырауы индивидтің өзге ерікке
толығымен бағынып жəне оның əрекеті алдын - бағдарланып қойылған
жағдайда, яғни əрекет пен таңдау еркіндігіне орын қалмаған жағдайда да
кездеседі. Адамды қоғамнан жəне қарым-қатынастан бездіру əрдайым ең қатал
жазалардың бірі болып саналады, өйткені ұдайы оқшаулану мен жалғыздық
тұлғаның өз мəніне қайшы келеді. Тұлғаның тағы бір маңызды сипаттамасы -
оның адамгершілік - рухани мəні. Тұлға мазмұнының жəне бағалануының
маңызды компоненті ретінде оның санасының дүниетаным, адамгершілік жəне
жауапкершілік денгейімен сипатталатын тұлғалық бағдарлары көрінеді.
Адамның бойындағы интеллектуалдық - адамгершілік жəне еріктік қасиеттері
неғұрлым айшықты көрінген сайын, оның өмірлік бағдарлары жалпы
адамзаттық құндылықтармен сəйкес келеді, тұлғаның өзі де маңызы артып, бұл
құндылықтардың орнығуы мен дамуына оң ықпалымен əсер етеді.
Бұл
тұрғыда ол өз рухы, еркіндігі, шығармашылығы мен қайырымдылығы
жақтарымен сипатталады. Тұлғаның ерік - жігері мен рухының күштілігі, оның
адамгершілік қайырымдылығы мен тазалығы тек нақты практикалық əрекетте
жəне белгілі бір əлеуметтік жағдайларда ғана бекіп іске асады. Дəл сондай
жағдайда ғана, яғни іс нақты қылыққа жеткенде ғана тұлға болудың, еркін
болудың, адал, принципиалды болудың жəне т.б. қиын да ауыр екендігі
аңғарылады. Өйткені, егер индивид өзін шын тұлға деп есептеп, соған ұмтылса,
ол өзінің тек ақыл - ойында ғана емес, ең алдымен қылықтарында да
жауапкершілікті болуы тиіс. Тұлғаның еркіндік жағынан сипаттамасы сөзсіз
қажет. Еркіндік - тұлға атрибуты, бірақ жауапкершіліксіз еркіндік - бұл шектен
тыс бейберекетсіздік. Сондықтан жауапкершіліктің тұлға атрибуты ретіндегі
маңызы
бір де кем емес, кейде ерікті болғаннан жаупкершілікті болу қиынырақ.
Сонымен, тұлға болу қиын. Нағыз тұлға еркіндігі мен жауапкершілігі
үнемі шығармашылықты, көніл-күй сілкінісін, уайым-қайғыны талап етеді.
Тұлға неғұрлым жоғары жəне маңызды болған сайын, оның өзі мен өзгелер
алдындағы жауапкершілік деңгейі де жоғары. Ғылымдағы тұлға ретінде
адамның мəні - оның əлем мен тарихтағы орны, мəселелеріне тіреледі. Тұлға
бұл жерде адамдар əрекеті мен қарым-қатынастарының, қоғамдық
қатынастардың, қоғамдық идеалдардың, құндылықтардың индивидуалдық
көрінісі жəне субъекті ретінде қарастырылады.
Тұлға белгілі бір қоғамдық қатынастар тұсында өмір сүретін адамның
негізгі үш жағының: биогенетикалық нышандарының, əлеуметтік қатынастар
əсерінің жəне психоəлеуметтік қасиеттерінің тұтаса бірігуінің нəтижесі. Қазіргі
кезде тұлғаның мəні жайында екі негізгі тұжырымдамалық көзқарас бар:
1) тұлғаның адамның функциялық (атқаратын рөліне қарай) сипаттамасы; жəне
2) тұлғаның əлеуметтік мəніне қарай сипаттамасы.
Бірінші көзқарас адамның əлеуметтік қызметі (атқаратын қызметі)
жайындағы ұғымға негізделеді. Тұлға жайындағы ұғымның бұл түсіндірмесінің