344
оқушылардың еске сақтау қабілеттері жетіледі; қазақ тілі мен әдебиетінен алған білімдерін
жаңа мақсатқа тиімді пайдалануға талпынады.
Шағын
шығармашылық
диктанттардың
бірі
—
«Бестік»
диктанты
моделі
2-тапсырма: Мәтінмен жұмыс
Ауыл жайлауға көшті. Шідерті өзенінің бойын жағалай киіз үйлер тігілді. Айнала
көкорай шалғын.
Әлкейдің қолынан кітап түспейді. Үйінде 5-6 кітабы бар. Соны қайта-қайта ақтарады. Тіпті
бәрін де жаттап алған. Әлкей – зерек бала. Бір айтылған әңгімені ұғып алады. Ертегіні жақсы
көреді. Ұйып тыңдайды.
Бір күні ауыл балалары жидек теруге шықты. Әлкейді де ертіп алды. Өзенннің арғы жағына
өткенде Әлкей кейіндеп қалды. Жалғыз өзі судың жиегінде отыр. Оңаша отыр, түске дейін
батырлық дастанын жаттаумен болды. Қайталап оқып, ұмытқан жерін есіне түсірді. Балалар
қайтқанша жырдың біразын жаттап үлгерді.[2]
1.Берілген мәтінді түсініп, мұқият оқы.
2.Мәтінге тақырып қой.
3.Мәтін мазмұнына сәйкес сұрақтар құрастыр.
4.Кейіпкерге сипаттама бер.
3-тапсырма:
«Аңқау арыстан» ертегісі бойынша оқушыларға сахналық қойылым қою
тапсырылды.
Нәтижесі: оқушылар рөлді бөлуді үйренді, авторды тыңдады, сахна мәдениетіне бейімделді.
Өз тәжірибеме сүйенсем: бастауыш сыныпта неғұрлым оқушының
жас ерекшелігіне сай
қызықты тапсырмалар беріліп отырса, оқушылардың күнделікті сабаққа деген белсенділігі
мен қызығушылығы арта түседі.
345
Қорыта
келгенде, бастауыш мектептегі оқыту үдерісінде оқушылардың функционалдық
сауаттылығын қалыптастыруда жоғарыда аталған ұстанымдардың қай-қайсысының да
қызметі ерекше боп табылады. Себебі, бұл ұстанымдардың
негізінде ұйымдастырылған
оқыту үдерісі оқушылардың берілген білімді жүйелі, терең, берік, сабақтастықта және
біртұтастықта, ғылыми білімдер жүйесін практикамен байланыста, жеңiлден ауырға,
қарапайымнан күрделіге, нақтыдан белгiсiзге қарай жүретін бағытта белсенді түрде әрі
қызығушылықпен меңгеруін қамтамасыз ете алатыны сөзсіз.
Сондықтан да біз, әрқашан
бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тиімді
жолдарын пайдалана алғанымыз жөн болмақ.
Әдебиет:
1.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға
арналған ұлттық іс-қимыл
жоспарын бекіту туралы
2.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 Қаулысы
3.
ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы. 2019ж қаңтар
4.
Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық
сауаттылығын қалыптастыру
әдістемесі. Әдістемелік құрал. Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы,
2013. – 41 б.
5.
Ы.Алтынсарин әңгімелері. https://kitap.kz/audio-book/anggimeleri-men-ertegileri
6.
https://zkoipk.kz/kz/2015k2/1148-conf.html
Достарыңызбен бөлісу: