290
тұтқасын пойыз жағдайына қайтарады.
Тыйым салынған белгілер алдында ЭПТ тоқтату тежеуі кезінде
тежелу тежеуіш магистралін бәсеңдетумен және одан әрі машинист
кранының тұтқасын ІІІ жағдайына қою арқылы орындалады. ЭПТ
қосарлы қорекпен жабдықталған локомотивтерде тежелу үнемі
тежеуіш магистралін бәсеңдетумен жүзеге асырылады.
Қосарлы қорктену кезінде ЭПТ әс-қимылын амперметр бойынша
бақылайды. Жабу жағдайында ЭПТ тізбегіндегі тоқ пойызы жөнелту
кезінде айқындалатын мәнмен салыстырғанда, 20%-дан артық
азаймауы тиіс.
Егер ЭПТ тізбегінде тоқ 20%-дан артық азайса (қосарлы қорекпен
жүрген кезде) немесе ЭПТ қарек көзінің қысымы тежелу жағдайында
40
В-дан төмен болса, ЭПТ іс-қимылы тиімділігінің
төмендегені немесе
тежелудің жатық еместігі анықталады, сондай-ақ егер сигнал шамы
сөніп қалса, онда олардың іс-қимылын қосымша тексеріп, бірден
пневматикалық басқаруға ауысу талап етіледі.
12.3. Электр пойыздардың тежеуіштерін басқару
Автотежеуіштерді басқару. Қызметтік тежеудің бірінші сатысын
орындау үшін №395 машинисі кранының тұтқасын ІІ жағдайынан V
жағдайына ауыстырады және теңестіргіш резерварда қысымды 0,3.0,5
кгс/см
2
-ге төсендетеді, сосынкран тұтқасын қоректендірумен жабу
жағдайына қояды. Қажет болған жағдайда тежеудің келесі сатысын
машинст краны арқылы тежеуіш магистралдан ауаның шығуы
аяқталған соң ғана орындайды.
Жүру жолында тыйым салынған белгілерге немесе станциялар мен
аялдау платформаларында тежеуді №395 машинист кранының
тұтқасын ІІ жағдайдан V-ге, одан әрі IV жағдайға ауыстыруды жүзеге
асыруы қажет. Машинист краны арқылы тежееегіштік магистралдан
ауа шығаруды аяқтағаннан кейін оның тұтқасын
ІІІ жағдайға ауыстыру
қажет. Егер пойыз 0,3 кгс/см
2
сатымен тежелсе, онда босатуды
бастамас бұрын тежеуіштік магистралды бәсеңдетуді 0,5 кгс/см
2
-ге
дейін ұлғайту қажет.
Тоқтатуға есепсіз тежеу кезінде автотежеуіштерді машинист краны
тұтқасын
пойыз
жағдайына
және
пойыз
жылдамдығын
тұрақтандырғаннан кейін талап етілген орында тоқтау үшін қайта
тежеуді орындау әзірлігімен оны ІІІ жағдайға ауыстырумен жүргізуге
рұқсат етіледі.
Қызметтік тежеуден кейін автотежеуіштерді босатуды №395
кранының тұтқасын теңестіргіш резервуарда оны кейіннен пойызық
жағдайға ауыстырумен белгіленген зарядты қысымды алғанға дейін І
жағдайға ауыстырумен орындайды.
Электр пойыздарының автотежеуішті басқару тәсілдері мен әдістері
локомотивтік тартқышпен жолаушылар поезының автотежеуіштерін
басқару тәсілдері мен әдістеріне ұқсас.