8.Балаларды ұйықтатуға қойылатын гигиеналық талаптар.
Ұйықтату ұзақтығын ұйықтау және таңертең тұру уақытын, төсек-орынның жайлылығы мен ұйықтайтын бөлменің гигиеналық тазалығын сақтамайынша мектеп жасындағы балаларды гигиеналық тұрғыдан дұрыс ұйықтату мүмкін емес. Ұйықтауға дайындалу ұйықтайтын бөлмені желдетуден, кейде кешқұрым таза ауада серуендеуден басталады. Ұйықтау алдында тісті тазалау, аяқты жылы сумен жуу немесе ваннаға, душқа түсу, жатуға ыңғайлы киім кию қажет. Балалар мен жасөспірімдерге жиналмалы және торы өте иілгіш кереуетте ұйықтауға болмайды, өйткені бұл омыртқа жотасының қисаюына және мүсіннің бұзылуына себепші болады. Жатар алдында тамақ ішу көбіне ұйқыны бұзады. Балалардың ұйықтау ұзақтығы олардың жасына қарай былайша анықталады: 4-5 жаста-13-14 сағат; 6-7 жаста-11-12 сағат; 8-9 жаста-10,5-11 сағат; 10-11 жаста-10-10,5 сағат; 12 жастан жоғары -9-10 сағат.
Балаларды ұйықтатудың гигиеналық нормалары мен ережелері үнемі бұзылатын жағдайда нерв клеткалары әлсіреп жүдейді. Бұл қозу және тежелу процесінің динамикасын бұзады, яғни, ұйқысыздыққа әкеліп соғады. Мұндай балаларда ашуланшақтық пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |