Математиканы проблемалап оқыту
Ғылыми-техникалық прогресс жағдайында оқытудың дамытушылық қызметіне қойылатын талап ұдайы өсіп отырады. Қоғамымызға шығармалық тұрғыда ойлай алатын, алдына қойылған міндеттерді нақты шеше алатын мамандар қажет. Сондықтан оқыту процесінде ғылыми фактілердің жиынтығын берумен ғана шектелуге болмайды. Сонымен бірге, оқушылардың жүйелі, диалектикалық ойлау қызметін қалыптастыру да маңызды міндет екені мәлім. Мұндай өрелі мәселелерді шешудің пәрменді құралдарының бірі — пәнді проблемалап оқыту болып табылады.
Проблемалап оқыту — дамытушылық сипаттағы оқыту, себебі оқушы бір ұғымды немесе құбылысты түсінуге мұқтаж болғанда ғана ойлана бастайды. Ал мұндай мүқтаждық проблемалап оқыту барысында жиірек туады. Демек, проблемалап оқыту барысында мұғалімге қойылатын талап—оны қашан және қалай пайдалануды анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |