құбылысында қоспалардың шогыры аргып жылуалмасу бетгеріне
шөгінді түрінде бөліне бастайды да жылу беруді төмеңдетеді. Бумен
бірге кеткен қоспалар шыгырдың агындық бөлігінде шөгуі мүмкін.
Осы екі себепке байланысты қорек суы ластанбауы керек. Қорек
суының және өндірілетін будьщ ластану шегі арнайы мөлшермен
белгіленеді.
Бу қазанның жұмысын қамтамасыз
ететін мынандай құрылғылар
мен тетіктер бар: отын дайындау құрылғылары; қазанга қорек суын
беретін қорек соргылары; жану үшін ауа беретін үрлегіштер; жану
өнімдерін түтін мұржасы арқылы әуеге (атмосфераға) шығаратын
түтін сорғыш (дымосос) жэне басқа көмекші жабдықгар. Бу қазан
және аталган жабдықтар кешені (комплекс) қазандық қондыргысын
(қ/қ) құрайды. Қазіргі қуатга қазандық қондырғысы өте күрделі
техникалық құрылыс, оңца барлық жұмыс құбылыстары толығымен
механикаландырылган
және
автоматгандырылған;
қазандық
қондыргылардың жұмыс сенімділігін артгыру жэне апатган сақтау
үшін автоматты қорғаныстармен жабдықтайды.
Бу қазандарьш дамыіу үрдістері (тенденция): бірлік қуапгын
өсіру, будың бастапқы
қысымы мен ыстықтығын артгыру, аралық аса
қызған
буды қолдану, басқару-құрастыру жұмыстарын жеңілдету мен
жеделдету үшін, зауытта жабдықтарды ірі бөліктер (блоктар) түрінде
істеу және жеткізу.
Ірі электр стансапарда қуатты бу қазаны мен бу шыгыры
энергетикалық құрамадан (состав) құралады. Әрбір құрама (1.3-сурет)
қазан (бу өңдіргіш) шығыр, электр өндіргіш және жоғарылататьш
өзгерткіштен (трансформатордан) тұрады. Стансадағы құрамалардың
саны стансаның жалпы қуатына байланысты. Құрамапар арасында бу
жэне су құбырларымен байланыс болмайды, ол будың аралық
қыздырылуы болғанда, барлық жүйені күрделендіріп сенімділігін
төмеңдетіп жібереді. Қазіргі кезде ТМД елдерінде қуатгары 300, 500,
800 жэне 1200 МВт құрамалар істейді. Қазақстанда
ең қуатгы құрама
500 МВт Екібастүз МАЭС-да қондырылган, оның бу казаны
Екібастұзда өндірілетін көмірмен
жұмыс атқарады, өндірушілігі 1650
т бу/сағ, аса қызған будың қысымы 25 МПа, ыстықтығы 545 °С,
қазанның биіктікгігі 60м, ені - 36м, тереңдігі — 24м, қазанның
үйлестіруі (компоновка) Т — тәрізді, зауыттық белгісі П-57-ЗМ, ал
ГОСТ 3619-82 (МЕМСТ) бойынша ПП-1650-25-545 КТ. 1.3-суретте
Екібастұз МАЭС-1 бас гимаратыньщ көлденең қимасы берілген.
12
бу түзу аймагы мен шыгыр арасындагы қысым қүламасына
байланысты.
Бу түзу қүбырларында су мен будың бірге қозгалуы жэне бүл
құбырлардың суйықағулық кедергілерін жеңіп өту қазандардың әр
түрінде өзгеше үйымдастырылган. Бу қазандарын табиги және
мәжбүрлік айналмасы бар жэне тура ағынды деп өзгешелейді. Табиғи
және мәжбүрлік айналмасы бар қазанның барабаны болады (1.4 а, б;
1.5, 1.
6
-суреттер), ал тура ағындыларда барабандары жоқ (1.4 в; 1.7-
суретгер).
жүктеу
Достарыңызбен бөлісу: