№
|
Қондырғы құрылысы
|
Температура °С
|
|
Мұнайдың электро дегидратордың кіреберісінде
|
130-140
|
2.
|
Мұнайдың бензинсіздендіру колоннасына кіреберісінде
|
210-230
|
3.
|
Бензинсізденген мұнайдың атмосфера колоннасының алдында
|
340-360
|
4.
|
Мазутты вакуум пешінен кейін
|
400-420
|
5.
|
Бензинсіздендіру колоннасының жоғары жағы
|
130-150
|
6.
|
Бензинсіздендіру колоннасының төменгі жағы
|
230-240
|
7.
|
Атмосфера колоннасының жоғары жағы
|
120-140
|
8.
|
Атмосфера колоннасының төменгі жағы
|
330-340
|
9.
|
Буландырушы колоннада
180-230oC фракциясы
230-280oC фракциясы
280-350oC фракциясы
|
180-200
240-250
200-300
|
10.
|
Тұрақтандырушыда
жоғары жағы
төменгі жағы
|
60-80
180-230
|
11.
|
Вакуум колоннасында
жоғары жағы
төменгі жағы
|
90-110
310-360
|
12.
|
Пеш түтіндіктерінің түтін газдарының қысым артық
Бензинсіздендіру колоннасында
Атмосфера колоннасында тұрақтандырушыда
|
0.4-0.5
0.1-0.20
0.81.4
|
13.
|
Вакуум колоннасындағы қалдық, кПа
|
5.38
|
14.
|
Су буының шығыны:
Атмосфера колоннасының төменінде
% мазутқа есептегенде
Вакуум колоннасының төменіне
% гудронға есептегенде
|
152
58
|
Шикізат пен өнім. Қондырғының шикізаты бензиннің тұрақтандырудан өткен кең аралықта қайнайтын фракциясы болып саналады. Қондырғының өнімдері төмендегідей бензиннің фракциялары:
Б.қ.-62°С автомобиль бензинінің қажетті компоненті, ол негізінен пентандар мен изогександардан тұрады, құрамында тағы бутан мен гексан болады.
62-85°С каталитикалық риформинг қондырғысында бензол алу.
85-105°С каталитикалық риформинг қондырғысында толуол алу шикізаты болып саналады.
105-140°С каталитикалық риформинг қондырғысында ксилолдар алуға шикізат болып саналады.
140-180°С ұшақ отыны компоненті немесе бензиннің октан санын көтеруге каталитикалық риформинг қондырғысының шикізаты есебінде пайдаланады. Кейбір қондырғыларда бензиннің мынадай фракциялары алынады: 62-85, 85-120,120-1400C.
Бақылау сұрақтары:
Бензин, керосин, дизель, мазут, гудрон фракцияларының алыну температуралары
Бензин, керосин, дизель, мазут, гудрон фракцияларының қолдану аумақтары
ЭСТҚ-АҚ-6 қондырғысының технологиялық схемасы
ЭСТҚ-АВҚ-6 қондырғысының технологиялық cызбанұсқасы
ЭСТҚ-АҚ-6 және ЭСТҚ-АВҚ-6 қондырғыларының ерекшіліктері
Лекция 14
Өңдеу қондырғыларын пайдалану. Мұнайды біріншілік өңдеу
қондырғыларының техникалық-экономикалық көрсеткіштері
Өңдеу қондырғыларын пайдалану. Мұнай мен газды өңдеу қондырғыларында көп қолданылатын аппараттар мен құрал-жабдықтар қатарына ректификациялау колонналары, құбырлы пештер, жылу алмастырғыштар жəне əртүрлі сыйымдылық аппараттар жатады.
МӨЗ қолданылып жүрген ректификациялау колонналарының технологиялық міндетіне, қысымына, бу мен сұйық арасындағы жанасуды іске асыру тəсіліне, қоспа өнімдерді бөлгенде алынған заттардың санына байланысты жіктеледі. Ректификациялау аппараттары атқаратын қызметіне байланысты мұнайды атмосфералы айдау колоннасына, бензинсіздендіру, мазутты вакуумда айдау, тұрақтандырушы жəне т.б. бөлінеді. Қысымға байланысты қысымда істейтін атмосфералық, вакуумды болып бөлінеді. Жанасуды іске асыру тəсіліне байланысты тарелкалі жəне отырғышты болып бөлінеді. Көпшілік технологиялық қондырғыларда мұнайды өңдеуде тек тарелкалі колонналар қолданылады.
Ректификациялау тарелкалері əртүрлі болады: қақпақты, қақпақсыз, бағытталған ағушы жəне т.б. Қақпақты тарелкалердің жұмыс істеу принципі 14.1-суретте берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |