DNS серверді настройкалау.
DNS сервердің конфигурациясын өзгерту мен настройка жасау әртүрлі себептер бойынша қажет болуы мүмкін, мысалы:
1. Сервер-компьютердің аты өзгерсе
2. Сервер-компьютер үшін домен аты өзгергенде
3. Сервер-компьютердің IP-адресі өзгерсе
4. Желіден DNS серверін жойғанда
5. Зонаның негізгі сервері (primary server) өзгергенде
Клиенттерді басқару
Windows клиенттері үшін DNS конфигурациясы TCP/IP қасиеттерін орнатқанда әрбір компьютерге келесі есептерді қосады:
1. Әрбір компьютерге немесе желілік қосылуға DNS хостының атын орнату
2. Хосттың атынан кейін орналасатын әрбір клиент үшін доменнің толық атын іске асыратын ата-аналық атты орнату
3. Егер негізгі серверге қол жеткізу мүмкін болмағанда қолданылатын негізгі DNS-серверді орнату және қосымша DNS-серверлер тізімін орнату.
4. Компьютердің берілмеген толық атын толықтыру үшін сұраныстарда қолданылатын домендерді іздеу тізімінің кезегін орнату
Достарыңызбен бөлісу: |