1. ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУ
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015
Ұлттық мәнмәтін
Географиялық және демографиялық сипаттамалар
Орталық Азияда орналасқан Қазақстан аумағы Франция, Германия және Польшаны қоса
алғанда екі есе көп, әлемде құрлық беті бойынша тоғызыншы ел болып табылады. Ел
солтүстігінде Ресеймен, батысында оңтүстік-шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Қырғызстан
және Өзбекстанмен, оңтүстік-батысында Түркіменстанмен шекараласады. Қазақстанның халқы
2013 жылы 17 миллион адамды құрады. Аумағының үлкендігі және халқының санының аздығы
халықтың тығыздығының төмендігіне себепші болады, 2013 жылы, бағалауға сәйкес, 1 шаршы
метріне 6,2 адамды құрады (АТО , 2014).
Климат жағдайлары кейбір аудандардағы білім беру қызметтерін ұсынуға және бағасына
айтарлықтай әсер етеді. Қазақстан жазда орташа +30 °C және қыста орташа −20 °C айрықша
температуралармен ерекшеленеді. Батысы мен оңтүстігінің көп бөлігін қоса алғанда, елдің
жартысынан көбі жартылай шөлде (аумақтың 12%-ы) немесе шөлде (44%) орналасқан. Күрделі
экологиялық проблемалар бұрынғы ядролық, өнеркәсіптік немесе кен рудасы объектілері
аумағында, сонымен қатар судың жеткіліксіздігінен және құрғақшылықтан туындайтын жердің
азуы сияқты күрделі экологиялық проблемаларды басынан кешіретін аудандарда тұратын
балаларға білім беруге және олардың әл-ауқатына да әсер етеді.
Қазақстан халықтың біркелкі емес пирамидасымен сипатталады (1.A1 қосымшасын қараңыз).
Ел халқының төрттен бір бөлігі мектепке дейінгі жастағы балалар екенін ескере отырып, 15 жасқа
дейінгі балалар халықтың бестен бір бөлігін құрайтын ЭЫДҰ елдеріне қарағанда, Қазақстанға
көбірек балаларға білім беруге тура келеді. Қазіргі кезде туу жасындағы әйелдердің туу деңгейі
2,5-ке тұрақтанғанына қарамастан, 1990-жылдардағы шұғыл қысқарудан болған ауытқулар
2008 жылы 2,7
болып шегіне жетіп, оқушыларды есепке алған кезде қиындықтарға алып келді.
Ел бойынша халық санының динамикасы біркелкі емес: солтүстік өңірлерде туудың
төмендеуі болжанса, оңтүстікте күрт өсуі байқалады. Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды,
Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарында 1999-2009 жылдары
халықтың азаюы байқалды, осы ретте Солтүстік-Қазақстан облысындағы тұрғындар саны 18%-ға
қысқарды. Мұнымен салыстырғанда осы кезеңде Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарының,
Астана және Алматы қалаларының халқы 20%-дан астам өсті. 2013 жылы халықтың жартысынан
астамы (9,4 миллион) қалаларда өмір сүрді және кенттену үрдісінің өсуі байқалды (АТО , 2014).
Кенттенудің аса жоғары деңгейі Қарағанды (қала халқының жалпы санының 79%-ы), Павлодар
(70%), Ақтөбе (62%) және Шығыс Қазақстан облыстарында(59%) байқалды. Сонымен қатар
халықтың жоғары шоғырлануы Алматы (ауыл халқының жалпы санының 77%-ы), Оңтүстік
Қазақстан (61%), Жамбыл (60%), Солтүстік Қазақстан (58%) және Қзылорда (57%) облыстарында
байқалды.
Қазақстандағы мектептер елдің үлкен этникалық, діни және тілдік өзгешелігін көрсетеді.
Оларда 23 түрлі ұлт оқушылары оқиды. Этникалық қазақтар оқушылардың 73%-ын, этникалық
орыстар - 14%-ын, этникалық өзбектер 4%-ын құрайды. Басқа аз ұлттар Кеңес Одағы кезеңіндегі
халықтың орын ауыстыруын көрсетеді және мыналарды қамтиды: украиналықтар (1,3%),
ұйғырлар (1,5%), немістер (1,0%) (АТО, 2014). Қазақстан халқында мұсылмандар басым (70%),
халықтың (26%) өздерін христиандарға жатқызады, ал 3,5%-ы «басқа» деп көрсетеді немесе
өздерін ешқандай дінге жатқызбайды. Осы ретте Конституцияға сәйкес Қазақстан зайырлы
мемлекет болып табылады (ЭЫДҰ, 2014 ж.).
Оқушылар бір немесе екі ресми тілдің бірінде (қазақша немесе орысша) немесе басқа аз
халықтардың тілдерінде оқи алады. Қазақ тілі республиканың мемлекеттік тілі болып саналады,
2009 жылғы халық санағының деректеріне сәйкес, оны халықтың үштен екі бөлігі түсінеді. Орыс
тілі ұлтаралық қатынас тілі болып саналады және оны іс жүзінде барлық халық түсінеді (халықтың
94%-ы). Ағылшын тілін халықтың 15,4%-ы түсінеді. Ұлттық сәйкестендіруді бекіту үшін қазақ
тілінің басымдығы қазақ тілінде оқытатын мектептер санының өсуіне әкелді. 2012 жылы көптеген
мектептерде оқыту тілі қазақ тілі (3 819 мектеп), одан кейін орыс тілі (1 394), өзбек тілі (60), ұйғыр