Құм мөлшері
. Құм мөлшері
деп жуу сұйығындағы құмның,
дисперсияланбаған
балшық
бөлшектерінің
және
талқандалған
тау
жыныстарының ұнтақтарының мөлшерін сипаттайтын параметрін айтады.
Балшық ерітіндісіндегі құм мөлшерін анықтау үшін, темірден жасалған
ОМ-2 тұндырғышын пайдаланады. (47 - сурет).
Оның құрамына төменгі
жағында шәкілі бар шыныдан жасалған көлемі 10 см
3
-ге тең пробиркасы бар
сауыттан 2 тұрады. Шәкіл бөліктерінің көлемі 0,1 см
3
-ге тең.
Пробирка
сауыттың төменгі жағына бұранда 7, көлденең салма 6 және 3 пен 5
төсемдемелер арқылы бекітілген. Тұндырғыштың бет жағы көлемі 50 см
3
-ге тең
қақпақпен 1 тығыз етіп жабылады. Сауттың жоғарғы жағында диаметрі 3 мм-ге
тең тесік бар. Осы тесіктің деңгейіне дейін сұйықтың көлемі 500 см
3
.
47 - сурет. ОМ - 2 тұндырғышы.
Ерітіндінің ішіндегі құм мөлшерін анықтау үшін тұндырғышқа 450 см
3
таза су және қақпақты 1 пайдалана отырып 50 см
3
балшық ерітіндісін құяды да,
тұндырғыштың қақпағын нығыздап жауып, бір
саусақпен сауыттың жоғарғы
жағындағы тесікті жауып тұрып қоспаны жақсылап шайқап араластырады.
Содан кейін тұндырғышты тік ұстап тұрады, я
болмаса ілмешекке іліп
қойып бір минут уақыт ішінде тұндырады. Белгіленген уақыт өткен соң
пробирканың шәкіліне қарап тұнба мөлшерін анықтайды. Пробирканың шәкілі
көрсеткен санды екіге көбейтіп ерітіндіде неше процент құм бар екенін біледі.
Шәкілдің көрсеткен санын екіге көбейту себебі – көлемі 100 см
3
балшық
ерітіндісіндегі құмның мөлшерін анықтау.
Қалыпты жағдайда құмның мөлшері 4 пайыздан аспауы қажет. Себебі,
құмның мөлшерден артықтығы сорап бөлшектерін
қажап оларды тез істен
шығарады.
Газ мөлшері
. Жуу сұйықтарындағы газ мөлшерін жоғары қысымдағы газ
қабаттарын бұрғылағанда және газ шығаратын химиялық реагенттерді
қолданған кезде өнемі бақылап отырады. Газ
қабаттарын бұрғылағанда жуу
сұйығының құрамында газ мөлшері көбейіп кетсе,
сұйықтың тығыздығы
төмендейді. Соның себебінен қабат қысымы гидростатикалық қысымнан артық
кетіп, ұңғыдан газ атып кетуіне әкеліп соғуы мүмкін. Кейде бұл жағдай
басқаруға келмейтін «ашық фонтанға» әкеліп соғады.
Саз ерітінділеріндегі газ
мөлшерін анықтау үшін ПГР-1 аспабын немесе ВМ-6 аспабын қолданса да
болады. Ол үшін ВМ-6 аспабының плунджерінің ішіндегі сүзілу
көрсеткішін
анықтау кезінде ауа шығатын тесігін тығынмен жауып тастаймыз. Бұл аспаппен
газ мөлшерін есептеу Бойль-Мариотта заңы негізінде жүргізіледі.
Жуу сұйығындағы газдың мөлшерін мына формуламен табуға болады:
,%
1
4
05
,
1
n
G
V
Достарыңызбен бөлісу: