173
қызметіне ықпал ететін кәсіпорындардың нақты қаржы жағдайы
туралы қажет ақпарат алу
құқығы заңдастырылады.
Банк құпиясын сақтау – Қазақстан банк жүйесі қызметінің маңызды прициптері
болатындықтан бұл да ӛзекті проблемаға айналып отыр. Осыған байланысты заң
актілеріне ӛзгерістер мен толықтырулар жобасы ҰБ қызметкерлерінің банктердің қызметі
туралы қосымша мәліметтер алу жӛніндегі құқығын іске асыру барысында алынған
мәліметтерді Үшінші біреуге жария еткені үшін жауапкершілігін қатайта түсуді кӛздейді.
Келесі кӛңіл аударатын мәселе ақша-несие саласындағы реттеу шараларына жан-
жақты кешенді тұрғыдан қарау болып табылады. Ӛндірістің нашар даму жағдайыда
инфляцияның ӛршіп кетуі оңай құбылыс. Мұндай жағдайда экономиканың қалыпты
ӛсуіне, бәсекелестікке ықпал ететін реттеу шаралары кей жағдайда кері әсер етуі мүмкін.
Атап айтқанда мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу, есепке алу ставкасын
тӛмендету, резерв нормасын азайту сияқты шараларды қолдану «несие экспанциясының»
толқынын туғызып артық шығындардың пайда болуына, жалақының ӛсуіне сатып алу
қабілеттілігінің артуына алып келеді де, сұраныс инфляциясын күшейтеді. Бұл импорттың
орынсыз ӛсуіне, сауда балансындағы тапшылықтың артуына, тӛлем балансының тепе-
теңдігін бұзады және бір жағынан ставканы ұлғайту тұрғысында қымбат ақша саясатын,
шығындар инфляциясын, бағаның ӛсуі, ұлттық валютаның жылдам құнсыздануы секілді
теріс әрекеттерге ұрындырады. Бұл ӛндірісі дамыту мен экспортты ұлғайтуға кері әсерін
тигізеді. Сондай-ақ банк жүйесінің қызметінің тиімділігін тӛментедіп, активтер мен
пассивтердің арақатынасының бұзылуына әкеледі. Бұл банктің банкротқа ұшырауына
әкеліп, банк клиенттерінің банк жүйесіне деген теріс кӛзқарасын туғызады. Сондықтан
күш-жігерді барлық деңгейде біріктіру ақша, несие, валюта, экспорт-импорт, салық,
сондай-ақ ішкі жәе сыртқы банкті реттеу мәселелерін шешуге кешенді тұрғыдан келу
қажеттігін түсіну қажет.
Екінші жағынан алғанда отандық банктер шетелдік банктермен күреске түсуге
дайын емес. Оның себебі, банктердің капиталының кӛлемі тӛмедігінен, ЖІӚ-дегі
несиелер үлесінің аздығынан, тәукелдерді басқару жүйесінің дамымауынан, менеджмент
тиімділігі мен корпоративтік басқару тәжірибесінің аздығынан болып отыр.
Банк қызметін
сенімді, ірі танымал, іскерлік беделі бар, қызметтерінің бағасы ӛзге банктермен
салыстырғанда анағұрлым тӛмен банктер
ғана дамыта алады
Қазіргі банктік жүйе – бұл қандай да болсын дамыған мемлекеттің, ұлттық
шаруашылықтағы ортасы болып табылады. ҚР-ның 31.08.1995 жылғы №2444 «Қазақстан
Республикасындағы банктер мен банктік қызмет туралы» Заңының 30-шы бабында
банктік қызметті, орындалатын банктік операцияларды, сонымен қатар жүргізілетін басқа
да белгіленген банктік операциялардың мазмұнын анықтап кӛрсеткен. Осы Заңға сәйкес
Коммерциялық банктер қызмет етеді. Мемлекет Заңмен және қаржы-несиелік саясатпен
банктегі ақша қозғалысын, олардың айналыс жылдамдығын, сонымен қатар айналыстағы
қолма-қол ақша кӛлемін қоса реттеп отырады[1].
Тұрақы ақша массасының ӛсімі, инфляция қарқынының тӛмендеуінің кепілі,
бағаның тұрақтылығы, нарықтық жетісіктер мен экономикаға, халық шаруашылығына
тиімді болып келеді. Коммерциялық банктер аккумуляциялық жинақтарын келесідей
әртүрлі экономикалық және әлеуметтік қажеттіліктеріне жұмсайды.
Салымшыларға банкке салған жинақ ақшалары үшін сыйақы пайыз түрінде
тӛленеді. Коммерциялық банктің басты қағидаты сенімді клиенттерді несиелендіру болып
табылады. Несиенің кӛмегімен, ӛндіріс кеңейеді, капитал ӛседі, осылай ӛмірдің биік
шыңдарына шығады десек қателеспейтін шығармыз.
Қазақстанның танымал ғалымдарының ойынша банктің ұйымдастырылуы қалай,
және клиенттер мен қызметкерлер қарым-қатынасының банк қызметінің жаңаруымен
байланысты болып келеді.
Біздің ойымызша, қаржы нәтижесін басқару бұл ұйымдастырушылық қағиданың
жүйесі, айналыстағы ақша қорының соңғы қорытындысына әкелетін табыс кӛзіне бақылау