283
жеткізу үшін машинист жүру жолында олардың іс-қимылын, бірінші
кезекте,
автоматты тежеуіштерді, сосын ЭПТ-ны тексеруі тиіс.
Тежелудің басында жылдамдық кемі сағатына 40 шақырым, ерекше
жағдайларда сағатына 25 шақырымға рұқсат етіледі.
Белгіленген орындарда жүру жылдамдығын кемі сағатына 25
шақырым шектеумен учаскеде тежеуіштердің іс-қимылын пойыздың
толық тоқтағанға дейін тежеумен тексереді, сосын жылдамдыққа
шектеу қойылмаған учаскеге қайталау тексерісін жүргізеді.
Машинист көмекшісі тежеуіштер іс-қимылын тексеру сапасына
машинистпен тең жауапты болады.
Электродинамикалық тежеуіш іс-қимылын тексеруді осы тежеуішті
пайдалану басталатын бірінші аялдамалық платформа алдында
орындайды. Электродинамикалық тежелу кезінде ЭР2Т және ЭТ
электр пойызарында басқару пультінде «Тежеу» түймесі қолсылуы
тиіс.
Электродинамикалық тежеуіштің іс-қимылын машинист кранының
контроллерінің тұтқышын 1Т және сосын 2Т жағдайында
орналастырумен тексереді. Жылдамдықты сағатына 10 шақырымға
төмендетіп, тежеу жолын есептегеннен кейін машинист кранының
контроллерін «О» жағдайына қоюмен тежеуішті толық босатуды
орындайды. Тежеуіш сапасын автоматты тежеуіштердің іс-қимылын
тексеру кезінде тежеуіш жолын есепке алып бағалайды.
Егер:
тежеуіш
екі және одан көп секцияларда
ажыратылып тұрса;
тұйық жолға кірген кезде;
тежеу жылдамдықты шектеу дабылына жақындаған кезде
жылдамдықты төмендету үшін немесе тоқтату үшін жүзеге
асырылғанда;
маневрлі жылжыған кезде электродинамикалық тежеуішті
пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салынады.
Жүру жолында автотежеуіштердің іс-қимылын тежеуіштерді толық
немесе қысқартылған сынаудан кейін; жекелеген вагондардың
автотежеуіштерін ажыратқаннан кейін; егер пойыз ЭПТ-да 20 мин
және одан көп жүрсе, электродинамикалық тежеуіштердің автоматты
тежеуішке ауысуы кезінде; электродинамикалық тежеуіштерді
ажыртқаннан кейін, егер пойыз автоматты тежеуіштерді қолданбай 1 с
артық жүрсе, қысқы кезеңде тексереді.
Жүру жолында автоматты тежеуіштерді тексеру мақсатында
жергілікті нұсқаулықта белгіленген орында тежеуіш магистралындағы
қысымды 0,3 ...0,5 кгс/см
2
-ға төмендетеді. Тежеуіш әсері пада болып,
жылдамдық сағатына 10 шақырымға төмендегеннен кейін машинист
тежеуішті машинист краны тұтқасының І дағдайымен босатады.
Сағатына 10 шақырым жылдамдықты төмендетуі тиім ара-
қашықтық тежелу басы – «ТБ» және тежелу соңы «ТС» белгілерімен
белгіленеді.
Машинист көмекшісі жылдамдық сағатына 10 шақырымға