270
керек болатын ресурстар туралы деректерді бөліп көрсету керек.
Шешімдердің нұсқаларын бағалау үшін белгі жасап шығару.
Әзірлік жұмысының өте жауапты және өте күрделі кезеңі. Әдетте
белгі деп соның негізінде шешімнің түрлі нұсқаларын салыстырып
қарайтын көрстекішті атайды. Белгіде әрқашан санаттық шама
бола бермейді. Мақсат пен белгі арасында тікелей байланыс бар.
Белгі алға қойылған мақсатқа жақындаудың немесе соған жетудің
дәрежесін көрсетеді, мұнда сол үшін жұмсалған ресурстарды есепке
алады.
Әзірлік сатысы шешімнің мүмкін болатын бірнеше нұсқаларын
жасап шығаруымен аяқталады. Шешім неғұрлым көлемдірек болса,
ол неғұрлым көп мәселелерді қамтыса, оның мүмкін болатын
нұсқалары соғұрлым көбірек жасалмақ. Жағдайды бағалаудан бастап
шешімдердің нұсқаларын жасап шығаруға дейінгі жұмыстардың
бүкіл кешені шешімдерді қабылдаудың негізгі сатысына жеткізеді
(11- суретте көрсетілген).
11-cурет. Басқару
шешімдерін қабылдау сатылары
272
Шешімнің жобасы талқыланып, анықталғаннан кейін шешімді
басқару жүйесіндегі осы іс өз міндетіне жататын орган немесе адам
қабылдайды.
Қабылданған шешім белгілі бір құжат түрінде немесе ауызша
жарлық түрінде тұжырымдалады. Шешімнің қабылданғандығын
көрсететін құжаттарға жататындар: бұйрықтар, жарлықтар,
қаулылар,
нұсқаулықтар, хаттамалар.
Бұйрық – сызықтық басшы қабылдаған және осы бұйрыққа
қатысы бар адамдар міндетті түрде орындауға тиіс шешімді
тұжырымдау формасы.
Қаулыларды жалпы жиналыс (конференция) қабылдайды.
Нұсқауда – қызмет бабындағы міндеттерді орындау туралы,
жұмыс көлемдерін белгілеу, белгілі бір жағдайдағы іс-әрекет туралы
жарлықтар болады.
Жарлықтарды сызықтық басшылардың орынбасарлары мен бас
мамандар жекелеген мәселелер жөнінде береді.
Хаттама - қандай бір коллегиялы органның кеңестерінде,
мәжілістерінде, жиналыстарында мәселелерді талқылау барысында
қабылданатын шешімдерді жазу формасы.
Қабылданған шешімнің қалай жазылу формасына қарамастан
шешімнің тұжырымдалуы мына төменгі міндетті талаптарға:
мақсатты белгілеуде айқындық болуы; кімге арналғандығы;
орындалу мерзімі; орындалу жолдары мен құралдарын көрсету
талаптарына сай болуы тиіс.
Басқару үрдісінің жоғары тиімділігін қаматамыз ету үшін басшы
шешімдер қабылдаудың сол бір уақыт аралығында, мейілінше,
тиімді болатындай процедураны ұйымдастыруы тиіс. Шешімдердің
нұсқауларын зерттеу, әдетте, түрлендіру (модельдеу), әсіресе
иммитациялық (еліктеушілік) түрлендіру, экстраполяциялау (басқа
салаға тарату), сараптамалық бағалау және т.б. әдістер арқылы
жүзеге асырылады. Уақыт пен мүмкіндіктер бар жағдайда – ғылыми
тәжірибелер (технологиялық, экологиялық, әлеуметтік, құрама)
қолданыла алады.
Еңбекті көп қажет ететін есептеулерді жасау үшін, жекелеп
айтқанда, сандық жағынан өлшеуге келетін параметрлердің
(тұрақты шамалардың) өзгеруін болжау кезінде электронды
есептеуіш машиналары, ұйымдастыру техникасының құралдары
кеңінен пайдаланылады.