Курстың міндеттері:
студенттерді әлеуметтанудың пайда болу және даму тарихымен, әлеуметтанудың жалпы теориясының негіздерімен, қоғамның және оның кіші жүйелерінің даму заңдарымен таныстыру, әлеуметтік және ұжымдық басқаруды түсінігін қалыптастыру;
қазіргі әлеуметтік ақиқаттың өзекті мәселелерін түсіндіру;
қоғамдағы қарама-қайшылықтар, қақтығыстар және дисфункцияларды анықтау және оларды шешу жолдарын қарастыру;
ғылыми білімге сүйене отырып, әлеуметтік фактілер мен құбылыстарды талдауға үйрету;
әлеуметтік зерттеу әдістері мен тәсілдерін меңгеруге көмектесу;
қазіргі өркениетті кеңістіктегі тұлға мен социумның өзара байланысының диалектикасын терең түсінуге мүмкіндік беретін жүйелі әлеуметтік дүниетанымды қалыптастыру.
Әлеуметтануды зерттеу болашақ мамандарға қоғамдық өмірдің процестері туралы дұрыс түсінікке ие болуға; өмірлік және кәсіби қызметтің барлық салаларында тиісті жеке және қажет болған жағдайда басқарушылық реакциялар мен мінез-құлық түрлерін қалыптастыруға ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |