Материалды түсіндіру
|
Бұл тақырыптың алғашқы бөлігі сызықтық перспектива құбылысын меңгеруге арналады. Бұған баса назар аудару керек, өйткені алда оқушылар пейзаж салады, егер бұған дейін пейзаждарды
сызықтық перспективаны ескермей салса, енді онымен жақын танысу керек. Бұл оқушыларға жұмыстарын жетілдіріп, натурамен жұмыс істеу
үшін алғашқы қадам болмақ. Оқушылар заттардың алыстаған сайын көлемі өзгеретініне көздері жетуі керек, ол үшін оқулық бойынша бірігіп тәжірибе жүргізіп көреді. Одан соң заттардың алыстаған сайын өзгеріске ұшырайтынын тақтада сызба тү- рінде көрсетеді. Одан әрі оқушылармен бірге суретшілердің бірнеше пейзаж жұмысын талдап, олардың түс үйлесіміне назар аударады. Суретші түс арқылы жыл мезгілдері мен пейзаждың көңіл күйін қалай беретініне көңіл қояды. Композицияға қандай пішім таңдайтынын, сондай-ақ пейзажда сызықтық перспективаны қалай бергеніне көңіл
бөледі.
|