Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар:
Еліміздегі бірнеше әйгілі сәулет құрылыстарын атаңдар.
Жауап. Астанадағы «Ханшатыр» ойын-сауық орталығы,
«Бәйтерек» монументі, Алматыдағы «Қазақстан» қонақүйі және т.б.
Сәулет кешені дегеніміз не?
Жауап. Сәулет кешені – идеясы мен безендірілуі жағынан біртұтас бірнеше ғимарат.
Қазақстандағы ең әйгілі тарихи сәулет кешенін ата. Жауап. Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі.
Сендер қандай сәулет кешенін жасағыларың келеді? Жауап. Жауаптар әртүрлі болуы мүмкін. Оқушыларға белгілі бір бағыттағы кешенді салу керегін айтыңыз. Мысалы, ғылым қалашығы, театр ансамблі, этно- ансамбль.
4. Сендердің сәулет кешендерің қандай болу керек? Жауап. Ол ыңғайлы, берік, әдемі әрі заманға лайық болу керек. Бұлар кез келген сәулет кешеніне қойылатын талаптар.
|
Достарыңызбен бөлісу: |