Гиперемиялық даққабыну, қан тамырларының рефлекстік серпі-лістері кездерінде уақытша немесе телеангиэктазиялар және қан тамырларының даму ақаулары, тері өспелері кездерінде тұрақты түрде байқалады. Бұл кезде майда қан тамырларының кеңуі, қызмет атқаратын қылтамырлардың көбеюі болады. Артериалық гиперемия кезінде терінің бөлігі қызғылтым немесе айқын қызыл түс, веналық гиперемия болғанда көгілдір қызыл түс қабылдайды
Қан құйылулық (геморагиялық) дақ қан тамырларының тұтастығы бұзылуы немесе олардың қабырғаларының өткізгіштігі көтерілуі нәтижесінде эритроциттердің тамыр сыртындағы дәнекер тінге шығуынан байқалады. Шелмайға және теріге тамыр тұтастығы бұзылуынан ошақталып ірі қан құйылуы гематома(қанды ісік) түрінде немесе тері мен шырышты қабықтарға пішіні мен мөлшері әртүрлі майда қан құйылуы пурпура (лат. purpura-күрең-қызыл түс) түрінде кездеседі. Соңғысы қан тамырлық-тромбоциттік гемостаздың бұзылыстарында (тромбоцитопениялық пурпура, геморагиялық вазопатия, тері васкулиті т.б.), кейбір жұқпалы аурулар (сүзек, қызамық, жәншау т.б.) кездерінде байқалады
Достарыңызбен бөлісу: |