32-кесте Банкроттықтың ықтималдық дәрежесі
Z-шоттың мәні
|
Банкроттықтың ықтималдығы
|
1,81 және одан төмен
|
өте жоғары
|
1,81-ден 2,70 дейін
|
жоғары
|
2,71-ден 2,90 дейн
|
мүмкіндік бар
|
3,0 және жоғары
|
өте темен
|
.
Басқа да белгілер мәлім болды, мысалы, Британ ғалымдары Тофлер мен Тишоу 1977 жылы төрт факторлы болжамдық модельді үсынды. Сол жылы Э.Альтман банкроттық ықтималдылығын 5 жыл бойы қадағалауға мүмкіндік беретін жеті факторлы модельді жасады,оның дәлдігі 70%-ға дейін болады. Бүл модель келесі көрсеткіштерді қамтиды:
1) активтердің рентабельділігі;
2) пайданың динамикасы;
3) несие бойынша пайыздарды жабу коэффициенті;
4) комулятивті түсімділік;
5) ағымдағы өтімділік коэффициенті;
6) автономия коэфициенті;
7) жиындық активтер.
Бұл модельдің құндылығы өте дәлдігінде, бірақ қолданылуына ақпараттың жетіспеушілігі қиындық туғызады (сыртқы пайдаланушыларда жоқ аналитикалық есептің мәліметтері қажет).
Достарыңызбен бөлісу: |