ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫҢ
9
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Стратегия жасау үшін алдымен тілдік-этникалық жағдаят дұрыс
сарапталуы шарт. Соның негізінде ғана қажетті идея ұсынылмақ.
Идеяны халық алдында мемлекеттік биліктегілер жүзеге асырады.
Өкінішке орай, бұлар халық мүддесінен ауытқып, аппарат мүддесін
жоғары қоюды ұмытпайды, ал саяси партиялар болса, олардың бір де
біреуінің мемлекеттік тілді дамыту жөнінде өзіндік идеясы жоқ, тіл
дамытудың
тетігін таба алмай келеді, құр сөз айтып қоя салуға әуес.
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың
«Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару
жолында» деп аталатын 2005 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы –
Қазақстан үшін қыры-сыры мол, XXI ғасырдың алғашқы бес жылында
маңыздылығы бойынша теңдесі жоқ құжаты, Жолдаудың қалың
жұртшылық тарапынан жан-жақты қызу талқылануы, қолдау табуы
– соның нақты дәлелі.
Жолдаудың негізгі функциясы (атқарар қызметі) қандай? Ол анық:
стратегиялық бағытымыздың негізгі бағдарларын аралық саралау,
атқарған жұмысымызды қорытындылау, мемлекетіміздің алдағы
жүрер жолының бағыт-бағдарын айқындау.
Өмірдің сан алуан саласындағы азаматтарымыз жаңаруға өз үлесін
қосуы тиіс. Үлес қосу үшін Жолдау функциясын жете түсіну шарт.
«Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының
бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан
әрі дамытуға бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек», - деді Елбасы.
Бұл – нақты тапсырыс. Басшы сөзінің ретіне қарасақ, мемлекеттік
тілді барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторына
айналдыру – Елбасының бірінші тапсырысы. Барлық қазақтың ана
тілін одан әрі дамыту – Елбасының екінші тапсырысы.
Елбасы тапсырысын күллі қоғам, барша әлеуметтік топ, оның ішінде
ұстаздар мен студенттер қауымы жақсы түсінуі шарт.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының ректоры
Ш.К.Беркімбаева
ғылым
докторларына
соңғы
курстардағы
студенттерге дәріс оқи отырып, солардың ішінен жақсы үлгеретіндерін
магистратура мен аспирантураға қабылдауға ұсынуды тапсырған
болатын. Сол тапсырманы орындай отырып, мен 4-курста жалпы
тіл білімінен дәріс оқимын. Кезекті бір дәрісте 4-курс студенттерін
Елбасы Жолдауымен таныстыра отырып, олардан тілге байланысты
жолдарға назар аударып, оқылып отырған пәнге, қазақ тіл біліміне
байланыстыра бірнеше сұрақ қойдым. Жалпы тіл білімі пәні
мазмұнына сай, әлеуметтану (социология), тіл теориясы тұрғысынан:
1. «Қазақстандықтарды біріктірудің әлеуметтік факторларын»
атаңыздар деген сұрақ қойылды. Түсінісуге тура келді: Фактор,
қарапайымдап айтсақ, жағдай. Әлеуметтік фактор кең мағынада
әлеуметтік жағдайда (условие), мінез-құлыққа ықпал етуші жағдай.
2. «Мемлекеттік тіл – қазақстандықтарды біріктіруші фактор»
деген тұжырымды қалай түсінесіздер? деген сұрақ қойылды.