153
отырған оқушыдан кӛмек ала алмайды, бұл әр оқушының жеке-жеке жұмыс істеуіне
мүмкіндік береді.
Компьютерді сабақта қолдану мүмкіндігі оқушылардың қызығушылығын арттырады,
мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді және үлкен маңыздылығын жекелеп немесе топтап
даралауды қамтамасыз етеді. Оқу іс - әрекетін басқару функциясын жүзеге асыруда
компьютерді оқыту құралы ретінде қолданудың маңызы зор. Айта кететін жағдай,
оқушыларға тапсырма беруде дисплей экранында пайда болған проблемаларды
оқушының ӛзінің шешуіне компьютердің мүмкіндік жасай алатындығы.
Сонымен компьютердің кӛмегімен оқытудың мынадай жақсы жақтарын атап ӛтуге
болады:
- компьютерді пайдалану сабаққа деген қызығушылықты арттырады; - компьютерге
арнап оқушылардың ойлану дәрежесіне, материалды қабылдау ерекшелігіне байланысты
әр оқушы үшін жеке бағдарлама құрып, оқушылармен дербес жұмыс жасауды күшейтеді;
- компьютер арқылы сӛйлеу қабілеті дамымаған, нашар еститін т.с.с. кемшіліктері
бар балаларды оқытудың тиімділігі артады;
- компьютер оқушыға материалдың қай тұсына баса назар а удару керек екенін
кӛрсетіп, кӛмектесіп отырады, оны асықтырмайды, оқушы компьютер алдында қысылып
ұялмайды. Сондықтан білмеген нәрсесін машинадан қайталап сұрап алады;
- компьютерді сабаққа пайдалану оған жұмсалатын уақытты үнемдейді.
Пән мұғалімдері, әдіскерлер ӛз пәндері бойынша үйретуші бағдарлама құруды талап
ететін тақырыптарды іріктей білуі керек.Компьютерді оқыту процесінде пайдалану ісінде
шешілмеген мәселелер әлі кӛп, бұл жӛнінен тәжірибе жинақтаған мұғалімдер некен- саяқ.
Нақтылы жағдайға (оқушылардың дайындығына) байланысты қай сабаққа болса да
бұл бағдарламаларды пайдалану мәселесін мұғалім ӛзі шешеді. Мұғалім ӛз қалауынша
белгілі бір бағдарламаны толық немесе оның бір бӛлігін ғана ұсынуына болады.
Тапсырмаларды орындауға қажет уақыт сұрақтың қиындығына да байланысты.
Сондықтан компьютерде берілген тапсырманы орындауға 15-20 минут уақыт
бӛлінгендіктен, осы талаптардың ара жігін айқын бӛліп айту керек. Біздің бұл ұсыныс
шамамен ғана айтылып отыр, ӛйткені бір ғана тапсырманы әр
оқушының орындау мерзімі
әр түрлі.
Сурет - 1. Математиканы оқыту бағдарламаларындағы компьютерді қолдану
Бағдарламалардағы тапсырмаларды және санын нақтылы жағдайға байланысты
(мысалы, бір сыныпта білім деңгейі әр түрлі оқушылардың отыруы т.б.) мұғалім ӛз
қалауынша ӛзгертуіне болады. Сондай-ақ бағдарламаны мұғалім ӛз қалауынша кейбір
басы
Сабақ N
Мұғалім
Оқушы
Сабақтың тақырыбы,
барысы
есептер
Есептер шешу, қайта оралу