Географиялық деректерді жинау
Деректердің басым бөлігі жер бетіне зерттеулер жүргізген кезде жиналады. Мысалы, шағын арақашықты лентамен, ал арақашықтық алыстау болса лазерлік аспаптармен өлшеуге болады. Ал сандық немесе сапалық анықтама жасау үшін үлгіні көзбен көріп қолмен ұстап сипаттама беріп жинақтайды. Казіргі кезде Жерді айнала жасанды жер серіктері ұшып жүр. Олардың орны мен айналу ортасы үлкен дәлдікпен өлшенген. Сондықтан қазіргі кезде, әлемдік масштабта GPS NAVSTAR (Ресейлік ГЛОНАСС атты) позициялау жүйесі қолданылады. Бұл өлшемнің дәлдігі GPS — қабылдағыштан, ақпараттық көлемде құралған құжаттармен байланысты. Казіргі кезде осы жүйе нысандарды 100 м — 10 см дәлдік аралығында анықтай алады. Позициялау деп жер серіктері жүйелерінің көмегімен жер үстіндегі үш өлшемді нысандардың координаттарын кеңістікте табуын айтады. Позициялаудың бірнеше әдістері бар.
Достарыңызбен бөлісу: |