32
Балалар жағынан индуктив жолымен шығарылған қорытынды 5,6,7,8,9
сандарын азайту қарастырылып жатқанда дедуктив пікірлер жүргізу үшін
пайдаланылады.
Аналогия — мұнда предметтер кейбір таңбалардың ұқсастығы бойынша
бұл предметтер басқа таңбалар бойынша да ұқсас деген болжамдық
қорытынды шығарылады.
Мысалы, үш таңбалы сандарды қосу және азайтудың жазбаша тәсілдерін
көп таңбалы сандарды қосу және азайтуға өткізу аналогия тәсілін қолдануға
негізделген. Сол мақсатта методикалық әдебиеттерде көп таңбалы сандарды
жазбаша қосу және азайтумен таныстыруда сондай мысалдарды шешу
ұсынылады, мұнда әрбір кезектегі мысал өз ішіне алдынғысын алады.
Мысалы:
126 4752 54752 837 6837 76837
+172 +3246 +43246 - 425 - 2425 - 52425
Мұндай мысалдарды шешкен соң, оқушылардың өзі көп таңбалы
сандарды жазба түрде қосу мен азайту үш таңбалы сандарды жазбаша қосу
және
азайту сияқты орындайды, деген қорытынды шығарады.
Жоғарыда қарастырылған методтарын (индукция, дедукция, аналогия)
пайдаланудың негізінде анализ, синтез, салыстыру, жалпыландыру және
абстракциялау тәрізді операциялар жатады.
Бүтінді оның ұйымдастырушы бөліктеріне бөлуге бағытталған пікірлеу
(ой-сана) тәсілі
анализ деп аталады.
Предметтердің немесе оқиғалардың ішінде байланыстар орнатуға
бағытталған ой-сананың тәсілі
синтез деп аталады.
100 санында неше ондық пен неше бірлік бар деген сұраққа жауап
беруде оқушылар санға анализ жасайды.
Осы сөздерге мойынсұнады (яғни, талқылау өткізеді), ал бұлай ету
көбінесе қателікке, яғни қате синтезге әкеледі.
Салыстыру әдісі қарастырылып жатқан сандар, арифметикалық
мысалдар мен мәселелердің ұқсас және ерекшеленетін белгілерін бөлуден
тұрады.
Математика бастауыш курсы салыстыру әдісінің қолданылуы үшін
үлкен мүмкіндік ашып береді: сандарды, өрнектер мен сандарды салыстыру;
екі өрнекті салыстыру; мәселелерді салыстыру, т.б.
Жаңа математикалық түсініктерді, заңдарды құрастыруда балалар
жалпыландыруға кез болады.
Жалпыландыру — бұл үйреніліп жатқан объектілердің жалпы маңызды
жақтарын бөлу және олардың маңызды болмағандарын бөлуден тұрады.
Бақылау үшін сұрақтар
1. Оқыту методтары дегенде нені түсінесіз?
2. Оқыту методтарының түрлерін айтыңыз?
3.Бастауыш сыныптарда қандай ауызша методтары қолданылады?
4. Индукция, дедукция және аналогия методтарының маңызы неде?
33
8-§. Оқушылардың белсенділік денгейіне қарап ерекшеленетін
методтар, оқушылардың өзіндік жұмыстары
Белсенділігін арттырушы (интерактив) сабақтар.
Оқытушы бастауышта орындалатын оқушылардың өзіндік жұмыстары,
оқушылардың жалпылай дамуына бағытталғанын тағы бір рет қайталайды.
Дидактикалық әдебиеттерде өзіндік жұмыс түсінігі әртүрлі сипатталады.
Өзіндік жұмыстар төмендегілерге орай өзара ерекшеленеді:
а) дидактикалық мақсаттар бойынша: оқушыларды жаңа материалды
қабылдауға (сезінуіне) дайындауға, жаңа білімдерді меңгеруге, нығайтуға,
бұрын өтілген материалды қайталауға бағытталған болуы мүмкін;
б)
оқушылардың
өзіндік
жұмыстары
бойынша:
оқулықпен,
дидактикалық
материалмен, баспа негіздегі дәптермен жұмыс жүргізу, т.б.;
в) оқушылардан талап етілетін қызмет тұрғысы бойынша: бұл тұрғыдан
орындалатын жұмыстар берілген үлгі, қағида бойынша бір-бірінен
ерекшеленеді.
Оқытушы
арнаулы
тапсырмамен
жұмыс
істейді.
Математикадан әрбір сағатта 2-3 қысқа мерзімді өзіндік жұмыс өткізу
мақсатына сай екендігін айтып өтеміз.
Оқушыларды өзіндік белсенділігі денгейіне қарап классификациялайтын
методтар:
1.Түсіндірмелі-иллюстрациялық метод. Жаңа ақпараттарды бұрын
меңгерілген ақпараттармен салыстырады және естеп қалады.
2. Репродуктивтік метод. Репродуктивтік методтың негізгі белгісі
қызмет тәсілін тіктеу және оқытушының тапсырмалары бойынша
қайталаудан тұрады. Бұл методың көмегімен оқушыларда іскерлік пен
дағдылар қалыптасады.
3. Білімдерді пробемалы түрде баяндау.
Ізденуге үйретеді.
4. Іздену немесе евристикалық методы
Оқытудың зерттеу методы.
Мысалы,
1-сынып
оқушыларында
санды
қосындыға
қосуын
қалыптастыру методикасын алайық. Оқушыларға осы теңдіктерді көрсететін
суреттер беріледі:
a+(b+c)=d, (a+b)+c=d (a+c)+b=d
Осы көрініс бойынша мәселелер түзіледі және оқушылар оларды зат
құрылғысымен шешеді. Шешуді аналитикалық түрде өрнектеп, оқушылар
санды қосындыға қосу қағидасына әкеледі.
Тіктөртбұрыш туралы елесті пайда етуде оқушыларға (1-сынып)
тіктөртбұрыш болған төртбұрыштардың жиыны (қалған төртбұрыштардың
бұрыштарының теңдігі анық байқалады) көрсетіледі. Осы фигуралардың
ерекшеліктерін талқылап, оқушылар осы төртбұрыштардың бірі жеке деген
қорытынды жасайды: оның барлық бұрыштары тең және тік бұрыш болып
табылады. Төртбұрыштардың бұл түріне көңіл аз бөлінеді, олардың
сипаттама касиеті естеп қалынады.
Мүлдем түрлі оқу жаттығулары үшін пайдаланылған бұл тәсілдердегі
жалпылықты байқау оңай. Оқытушы бірінші жағдайда да, екінші жағдайда да