Маркетинг стратегиясын дайындау
Маркетинг стратегиясы үш бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімге мақсатты нарық жағдайы, оның көлемі мен құрылысы, таяу жылдардағы сатылатын тауар көлемі, нарық үлесі және пайда мөлшері көрсетіледі.
Екінші бөлімде: маркетинг стратегиясының жал-пы сипаттамасы, тауар бағасы, жыл ішіндегі марке- тингке жұмсалатын шығындар беріледі.
Үшінші бөлімде: өнім өткізу,пайда алу жөніндегі маркетинг стратегиясының перспективалы мақсаттары беріледі.
Өнімді өндіру және оны өткізу мүмкіндігін талдау. Тауар шығару жобасын және маркетинг стратегиясы жөнінде шешім қабылдаған соң, басшылар ұсынылған ұсыныстың дұрыстығына көз жеткізу керек, оны бағалауға кіріседі. Ол үшін өнімді сату, шығын және пайда көрсеткіштерін тал- дап, фирманың алға қойған мақсатына сәйкестендіреді. Егер бұл тауардың нәтижесін қанағаттан- дырса, онда тікелей тауар дайындау кезеңіне кіріседі.
Тауар дайындау - зерттеу бөлімі байқау жасау үшін алдымен тауардың бірнеше вариантын шығарады. Сонсоң оны сынақтан өткізеді. Егер сынақ нәтижесі дұрыс болса, бұл тауарды көптеп шығаруға жолдама береді.
Достарыңызбен бөлісу: |