13
- Басқарушылық құзыреттілік басқару шешімдерін қабылдауды қамтамасыз
ететін кәсіби-тұлғалық қабілеттер мен басқару білім, білік, дағдыларының
кіріктірілген
жиынтығы.
Ал,
болашақ
педагогтың
басқарушылық
құзыреттілігідегеніміз оның оқушы тұлғасының дамуын, сыныпты, сабақ
үдерісін басқару іс-әрекетін қамтамасыз ететін тұлғалық қабілеттерінің,
педагогикалық және менеджерлік білім, білік, дағдыларының кіріктірілген
жиынтығы.
- Педагог-менеджер демократиялық стильдегі, ізгілікті бағыттағы, әдіскер,
сарапшы, басқарушы, орындаушы, эмоционалдық реттеуші, шешен, шебер
рөліндегі; тұлғалық, педагогикалық, менеджерлік құзыреттерге ие пән мұғалімі.
- Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың
құрылымдық моделі мақсаттық, технологиялық, ұйымдастырушылық және
өлшемдік құрамдас бөліктерінің бірлігін, оған сәйкес өлшемдер мен
көрсеткіштерді қарастырады.
-Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудағы
педагогикалық мүмкіндіктерді жасау және теориялық тұрғыда негіздеу; кәсіби
педагогикалық, менеджерлік білімдермен қаруландыратын базалық міндетті
пәндердің (Педагогика, Білім берудегі менеджмент, Тәрбие жұмысының
теориясы мен әдістемесі); бейіндік міндетті пәннің (Бағалаудың өлшемдік
технологиялары) бағдарламаларының мазмұнына қосымшалар; іскерліктерін
қамтамасыздандыратын «Педагог-менеджер» үйірмесі мен аудиториядан тыс іс-
шараларды жүргізу, оларды оқу және оқудан тыс іс-әрекеттердің кіріктірілуінде
жүзеге асыру студенттердің басқарушылық тұрғыдан жан-жақты дамуына
тиімді ықпал етеді.
Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру
кезеңдермен (рефлексиялық, танымдық, жобалаушылық) жүзеге асырғанда
нәтижелі болады.
Зерттеуді сынақтан өткізу. Зерттеу жұмысының негізгі тұжырымдары,
теориялық және практикалық нәтижелері халықаралық конференцияларда
талқыланды:
1. Application of methods of interactive training in the
educational environment
ofhigher educational institutions. 16th International Multidisciplinary Scientific
GeoConference SGEM 2016, SGEM2016 Conference Proceedings, ISBN 978-619-
7105-67-4 / ISSN 1314-2704, June 28 - July 6, 2016, Book5 Vol. 3, 747-754 pp.
2. Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру.
«Әлемдік және қазақстандық білім-ғылым кеңістігіндегі этнопедагогика мен
этнопсихология» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдар
жинағы. – Алматы, 2016 ж. - б.384-387 «Қыздар университеті» баспасы, 8-9
қаңтар.
3. Қазақстан ғалымдарының педагогикалық зерттеулеріндегі құзыреттілік
ұғымының мәні. «Қазақстан Республикасының әлемдік кеңістігіндегі білім мен
ғылымның даму тарихы және заманауи тенденциялары» Халықаралық ғылыми-
практикалық конференция материалдар жинағы. - Алматы, 2016 ж.- б.190-193.
14 қазан.