329
ұстазға білім беру процесінде қазіргі қоғам талабына сай арнайы оқытудың жаңа үлгілерін енгізу
қажеттілігі туындап отыр. Оқушыға зерттеу ұғымын кеңінен түсіндіру
және олардың зерттеу
қабілеттерін дамыта білу әрбір бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби шеберлігін қажет етеді.
Мен бастауыш сынып оқушыларын ғылыми-зерттеу жұмысына бейімдеу мақсатында
зерттеу жұмысын жүргіздім.
Зерттеудің мақсаты:
бастауыш сынып оқушыларын өз бетінше ізденуге дағдыландыра отырып
ғылыми-зерттеу жұмысына бейімдеу.
Бірінші оқушылардың білім деңгейін және ғылыми-зерттеу жұмысы жайлы түсініктерін анықтау
үшін бақылау жұмысы алынды. Бақылау сауалнама тәсілімен ұйымдастырылып, бірнеше сұраққа
жазбаша жауап беру тапсырылды.
Саған қандай пән ұнайды, не себептен?
Кітапханаға жиі барасың ба?
Қандай кітаптар, немесе журналдар оқығанды ұнатасың?
Сені ақын-жазушылардың өмірі мен еңбектері қызықтыра ма?
Қандайда бір жаңалық ашқың келе ме?
Ғылыми-зерттеу жұмысы дегенді қалай түсінесің?
Зерттеу жұмысын жазғың келе ме?
Қандай тақырыпта зерттеу жұмысын жазғың келеді?
Зерттеу жұмысын қалай, кіммен жазғың келеді?
Сыныптан тыс зерттеу жұмысын жүргізгің келе ме?
Алынған сауалнаманы талдау нәтижесінде оқушыларды 27%
жануарлар мен өсімдіктер
әлемі, 18% ғарыш мәселесі, 9% таңғажайып кітаптар әлемі қызықтыратыны анықталды. Өкінішке
орай экология мен тарих саласы барлығы 14% оқушыны ғана еліктірді. Басқа да салалардың ішінде
ғұлама адамдардаң өмірі - 12%, туған аймаған танып білуге байланысты - 14%, денсаулықты сақтау
мәселесі - 6% құрады. Әрине, осындай маңызды мәселелерге көңіл аударып, өздерінше шешу
жолдарын зерттегісі келетіндері заман талабынан туындап отыр десек артық болмас.
Дегенмен, кейбір оқушылар барлық сала қызықтырады деп жауап беріп, зерттеу жұмысының
тақырыбын таңдауға қиналыпты. Сондықтан да, оларға жалпыланған үлгі тақырыптар ұсынуға тура
келді. Мысалы: «Менің туған өлкем», «Денсаулық - зор байлық», «Табиғат өз үйің», «Қазақ
қыздарының әшекей бұйымдары», «Көшеде сақ бол», «Кітап - біздің досымыз», «Спорт
- сенің
серігің», «Қазақстанның пайдалы қазбалары», «Астана - бас қала», «Қазақ халқының салт-
дәстүрлері».
Осындай жалпыланған үлгі тақырыптар негізінде оқушылар жеке, нақты тақырып белгілеп
алды.
Зерттеу барысында:
Кітапханаға саяхат (кітапханашымен сөйлесу, каталогпен танысу) жасады;
Жұмыстарды іріктеу, жоспар құру, жазу әрекеттерімен шұғылданды.
Мұғалімдердің және ата-аналардың көмегімен жақсы жұмыстар дайын болды. Балалар
жастарына сай жазғанымен, тақырыптың мазмұнын терең ашқан. Осындай әзірлікпен сынып ішінде
шағын конференция өтті.
Конференциядан күтілген нәтижелер төмендегідей болды.
оқушылардың өз бетімен ізденуге ынталануы;
кітапханадан қажетті материалдарды іздей білуге үйренуі;
оқушылардың жинаған ақпараттарын саралауды, жүйелеуді үйренуі.
Зерттеу жұмысын жүргізу барысында оқушылар:
әр деңгейлі сұрақ қойып, оларға жауап беруді үйренді;
шығарма мен мазмұндамадан басқа ізденіс жазу түрлері бар екенін үйренді;
оқушылар
бұған қоса, нәтижелі зерттеу жүргізу үшін үлкен дайындық қажет екенін түсінді;
аудитория алдында сөйлеп үйренді;
зерттеген тақырыбын берілген уақытқа сыйғызып қорғауға үйренді.
Конференция соңында оқушылардың деңгейлік өсуі байқалды. Осындай танымдық
конференциялардың оқушылар үшін маңызы зор екені белгілі. Оқушылар зерттей білуге, өз
330
ойларын түйіндеп аудиторияға жеткізе білуге үйренеді. Зерттеу барысында оқушылардың ғылымға
деген қызығушылығының жоғары екендігін дәлелдеді.
Зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер бастауыш сынып оқушыларының сабақтан тыс
жұмыстар арқылы танымдық қызығушылығын қалыптастыруда бірқатар ұсыныстар жасауға
мүмкіндік береді:
Бастауыш сынып мұғалімдерінің педагогикалық және психологиялық деңгейін көтеру.
Оқыту мен тәрбиелеудің ең соңғы қазіргі педагогикалық технологияларды,
әдістемелерді
және тәсілдерді зерттеп меңгеру және оны өзінің кәсіптік жұмысында қолдана білу.
Мұғалімнің педагогикалық – кәсіптік оң көзқарастарының және құндылықтарының
қалыптасуы мен оның тұрақтылығына жету.
Өз білімін көтеруге, шығармашылық жұмыс атқаруға ынталандыру, қажетті жағдайлар
туғызу, педагогтерді ақпараттық жағынан қамтамасыз ету.
Оқушылар (әсіресе дарынды оқушы) табыстарын мониторингілеу және оны
диагностикалаудың қазіргі тәсілдерін меңгеріп, қолдана білу.
Бастауыш сынып оқушыларының ғылыми жұмыспен айналысуы
уақытымыздың өзекті
мәселесі. Жалпы білім беретін орта мектептегі негізгі пәндер бойынша оқушылардың ғылыми -
зерттеу жұмыстарын жүргізуге алғашқы бағыт-бағдар беріледі.
Бастауыш сыныптардағы әдебиеттік оқудың мазмұны екі үлкен бөлімнен тұрады: көркем
мәтіндер және ғылыми-танымдық мәтіндер.
Көркем шығармалар ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті үлгілерін қамтиды.
Ғылыми- танымдық шығармалар бөлімі оқушыларға түрлі ғылым салаларынан қарапайым білім
беру мақсатын көздейді. Мысалы, «Мен туған аймақ», «Табиғат тамшылары», «Аспан әлемі»,
«Заттар қалай жасалады», «Асыл мұра», «Тіршілік сыры», «Ел қорғау» т.б. тақырыптары бойынша
материалдар іріктеліп алынды.
Көркем әдебиет мәтіндерін тиянақты оқып зерделеген оқушының дүниетанымы кеңейе
түседі, жаңа терминдерді тың сөздерді меңгереді, әдеби тіл мәнерімен
сөйлеуге және жазуға
дағдыланады. Ғылыми жұмыстардағы олқылықтар көркем әдебиет мәтіндерін тиянақты оқып
меңгермей жаза бастаудан туындайды. Оқушыға жетекші кеңесші болған мұғалімдер қажетті
ғылыми-теориялық әдістемелік әдебиеттерді іріктеп ұсына білуі тиіс.
Алыс елді мекендерде орналасқан мектептерде мұғалім мамандарының тапшылығы,
кітапханалардың жұтаңдығы, ғаламтор ақпараттарымен танысу мүмкіндігінің жоқтығы, кейбір
отбасылардың материалдық
жағдайының төмендігі, тұрмыстық әлеуметтік жағдайлар кері ықпал
жасайды. Алайда, табиғи дарыны мен қабілеті бар талантты шәкірттердің қазақ өркениетінде талай
ғылыми жаңалықтар ашатынына сенеміз.
Достарыңызбен бөлісу: