Соз ауруының белгілері:
Тамақ созы онша білінбей жүре береді. Тік ішек созы көтен аумағы қышып, тікішектен іріңді бөлінділер шығады.
Емделу жолы: бактерияға қарсы терапия.
Алдын алу: жыныстық қатынас жасау барысында мүшеқапты пайдалану.
Қауіптілігі: емделмеген (созылмалы) соз ауруы салдарынан бедеулік туынгдауы мүмкін.
ХЛАМИДИОЗ
Бұл ауруды хламидия бактериясы туындатады. Негізгі жұқтыру жолы – мүшеқапты қолданбай жыныстық қатынас жасау.
Хламидиоздың белгілері:
ерлерде – зәр шығару жолдарынан (аздаған) бөлінді шығады, зәр шығару функциясы бұзылады;
әйелдерде – зәр шығару функциясы бұзылады, зәр шығару жолдары мен қынаптан бөлінді шығады.
ауру көбінесе білінбейді.
Достарыңызбен бөлісу: |