|
 Жұмыс бағдарламасы «Мемлекеттік сатып алулар»Семинарлық сабақтардың жоспарыУМК Мемлекеттік сатып алулар9 Семинарлық сабақтардың жоспары
Әдістемелік нұсқаулар: сұрақтарды ауызша талқылау және келтірген мысалдарын тақтада көрсету және өз бетімен қосымша дайындаған сұрақтарын баяндама түрінде рәсімдеу қажет.
Тақырып 1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алуларды құқықтық реттеу
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Мемлекеттік сатып алулар аясының негізгі түсініктері
2. Мемлекеттік сатып алуларды жоспарлау
3. Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру қағидалары мен үдерісі
4. Мемлекеттік сатып алуларға қатысумен байланысты шектеулер
5. Мемлекеттік сатып алулар ұйымдастырушысын анықтау тәртібі
Тапсырмалар:
Келесі сұрақтарға жауап беру керек:
Мемлекеттік сатып алулардың қатысушыларын атаңыз
Мемлекеттік сатып алулар қағидалары
Мемлекеттік сатып алуларды жүргізу кезеңдері
Негізгі әдебиеттер: 1, 3, 4.
Қосымша әдебиет: 11.
Тақырып 2. Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыруды мемлекеттік реттеу
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Әлеуетті жабдықтаушыларға қойылатын біліктілік талаптары
2. Мемлекеттік сатып алулар аясында қалыптастырылатын реестрлер
3. Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру әдістері
4. Мемлекетттік сатып алулар аясындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Құзыреттіліктері
Тапсырмалар:
1. Біліктілік талаптарына сәкес келмейтін әлеуетті жабдықтаушыны тану негіздерін атаңыздар
2. Адал емес жабдықтаушылардың реестрі дегеніміз не
3. Әлеуетті жабдықтаушының шынайы емес ақпаратты ұсыну салдары
Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 5.
Қосымша әдебиет: 10, 13.
Тақырып 3. Мемлекеттік сатып алуларды бағалық ұсыныстарды сұрату әдісімен жүзеге асыру
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Мемлекеттік сатып алуларды бағалық ұсыныстарды сұрату әдісімен жүзеге асыруға негіздер
2. Мемлекеттік сатып алуларды бағалық ұсыныстарды сұрату әдісімен жүзеге асыруды ұйымдастыру және жүргізу
Тапсырмалар:
Мемлекеттік сатып алулар порталында баға ұсыныстарын сұрау мәртебесі бойынша лотты іздеу
Ғаламторда жабдықтаушыны іздеуді жүзеге асырыңыз
Бағалық ұсыныстарды өтінішті қалыптастырыңыз және жіберіңіз
Негізгі әдебиеттер: 3, 4.
Қосымша әдебиет: 12.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|