айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін, әдетте гротеск жол биіктігі, сол
кегльдегі антиквадан жоғары болады (2.15-сурет).
Үлкен мәтіндер үшін 10 кегль қолайлы болады (ересектер үшін
басылымдарға қатысты), 9-дан 12-ге дейінгі кегльдер рұқсат етіледі.
Атаулар әдетте біршама үлкен - 11-14 кегль болып табылады.
Минимальды оқылатын қаріп өлшемі - 5 кегль.
Балалар әдебиеті мен мектеп оқулықтары үшін қаріптерге ерекше
талаптар қойылады және олар аздап өзгеше ережелерге сәйкес беттеледі.
Қаріп түсі және кереғарлығы. Оқылу қабілеттілігіне қаріптің және
фон түстерінің тональдық кереғарлығы, дәлірек - индукция әсер етеді
(3.2 бөлімшені қараңыз). Бұдан басқа, дәстүрлер де әсер етеді. Үлкен
мәтін үшін ашық
фонда қара қаріп жақсы болады, әдетте,
ақ қағазда қара
қаріпті қолданады. Алайда, үлкен мәтіндер үшін жылтыр жабыны бар
қағазды қолдану қажет емес. Қағаздың тығыздығы артқы жағынан
қаріпті басып шығаруды болдырмауға тиіс. Барлық заманауи теру
қаріптері ақ қағазда қара сиямен жазу үшін жобаланған, сол жағдайда
қаріптердің пішіні, пропорциясы және қалыңдығы ең жоғарғы
контрастты алады. Түрлі-түспен немесе боялған фонда басып шығару
үшін қаріпті қолданған кезде басқа түстердің қабылдануын ескеру
қажет. Мысалы, ақ фондағы қызыл қаріп қара қаріптің контрастын
жоғалтады, сондықтан әріптер айналасындағы ақ кеңістіктер анықтығын
жоғалтып, айқын болмай қалады. Егер жоғары тоналды контрастты
сақтамайтын болсаңыз, мысалы, ашық-сары өңде қара-жасыл қаріпті,
төмен контрастты өтеу үшін қаріпті үлкенірек немесе қанығырақ етуге
тура келеді (немесе екеуін де). Түрлі-түсті гротеск қаріптері керткен
таңбалары бар қаріптерден гөрі жақсы көрінеді, себебі олардың дизайны
көбінесе тұрақты, оларда керткен таңбалары бар қаріптерге тән, шашты
сызықтар, шағын бөлшектер, жіңішке сызықтар жоқ.
Контрасттан басқа, әсіресе түсті фонда басып шығару үшін түсті
қарпі өте дәл есептелуі керек. Басып шығару кезіндегі түс әдетте үш
немесе төрт түстің тіркесімі арқылы синтезделеді, олар көрнекті
айырмашылықты болдырмау үшін біріне-бірі қатысты ерекше дәлдікпен
салыну қажет. Сонымен қатар, әріптер суреті түсті фондан қиылып
алынады, яғни фон қаріптің орнына «тесіктер» арқылы басылады, ал
түсті шрифт осы бос кеңістіктерде басылып теріледі. (Қара түс әдетте
қиылып алынбайды, фонның үстіне басылып шығарылады.) Бұл жоғары
дәлдіктегі басып шығаруды қажет етеді. Кішкентай қаріппен – кiтаптық
кегльмен және одан да кішігірек- болатын ең үлкен мәселе - бұл тек
шағын қарама-қарсылықтың салдарынан қаріптің анық емес, бұлыңғыр
және тіпті түрлі-түсті (ала) болып көрінуі. Сондықтан, кішкентай
қаріптерді тұтас түспен басып шығару жақсырақ. Түс қара бояумен
басып шығарылғанда, қара түстің барлық түстерге қолданылу
функциясын қосу керек, бұл фон түсінде қаріпті кесуді болдырмайды.
45