ІІ бөлім. Қазақстан
тарихындағы хандық дәуір
170
болуына дейінгі аралықта өтеді. Осы аралықтағы он жылдан астам уақыт
ішінде Қазақ хандығының құрылуы процесі жүреді. Кейбір әдебиеттерде
жаңа мемлекеттің тарих шеңберіне көтерілуі бір оқиғамен ғана байла-
ныстырылады, яғни Керей мен Жәнібектің Әбілқайыр ханнан бөлінуі мен
хандықтың құрылуын бір оқиға деп түсіндіреді.
Біз Қазақ хандығының құрылу барысы 10 жылдан астам уақытқа со-
зылып, бірнеше сатыдан тұрған деп санаймыз. Бөлініп кету – хандықтың
құрылуындағы алғашқы
және маңызды қадам болса, Әбілқайыр хан қай -
тыс болғаннан кейін көп ұзамай Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында Қа зақ
хандығының билігінің толық және түпкілікті орнауы хандықтың құры-
луының аяқталғанын көрсетеді.
Осы кезеңдегі оқиғалардың дамуына
қарап хандықтың құрылуының
бірнеше сатыдан тұрғанын көреміз.
Бірінші сатыға – Керей мен Жәнібектің бөлініп кетіп, Моғолстанның
батысындағы Шу өңіріне келуі және Керейдің хан болып сайлануы жата-
ды. Хронологиялық тұрғыдан алғанда бірінші саты – 1457 жылдың күзінің
соңы қысының басы мен 1458 жылдың көктемі аралығын қамтиды.
Керей мен Жәнібек сұлтандар бастаған ру-тайпалардың бөлінуі Әбіл-
қайыр ханның 1457 жылғы Сығанақ түбіндегі қалмақтардан жеңілісінен
кейін болған. Шайқастың салдары Әбілқайыр хан үшін ауыр болады.
Қалмақтардан жеңілу шибанилық әулеттің белсенді өкілдері, әрі «көшпелі
өзбектердің» әскер басылары Бахтияр сұлтан мен Ахмед сұлтанның ұрыста
қаза табуы, ханның Сығанақ қаласына тығылуы, қалмақтардың жергілікті
өңірдегі тұрғындарды емін-еркін тонаушылққа ұшыратуы Әбілқайыр хан -
ның жеке басының беделін төмендетеді. Бұл жеңіліс мемлекеттің құрамына
енетін тайпалар алдында ханның саяси билігін әлсіретіп жіберді. Әбіл-
қайыр ханның үш жасар немересі Махмуд сұлтан қалмақтарға аманат
ретінде беріледі. Соған қарағанда Әбілқайыр хан Үз Темір тайшының саяси
билігін емес, оған белгілі бір көлемде салықтар мен төлемдерді жыл сайын
төлеп тұруға міндеттенген секілді. Ал соның кепілдігіне үш жасар немересі
берілген. Жеті жылдан кейін Махмуд сұлтан өз еліне үлкен
құрметпен
қайтарылады.
Жалпы алғанда, 1457 жылғы шайқас – Әбілқайыр хандығындағы
бар лық қайшылықтардың бетін ашады, «көшпелі өзбектер» мемлекетінің
саяси тарихында бір кезеңнің аяқталып,
келесі кезеңнің, яғни күйреу
кезеңінің басталғандығын көрсетеді. Керей мен Жәнібек сұлтандар
бастаған орда ежендік тайпалардың бір бөлігінің бөлініп кетуі – соған
дәлел бола алады.
Үз Темір тайшы бастаған қалмақтар жорығы 1457 жылдың жаз айла-
рында
болғандықтан, Әбілқайыр хан секілді Керей, Жәнібек және орда-
ежендік басқа да сұлтандар өздерінің қол
астындағы ру-тайпаларымен
бірге сол тұста күндерін жайлауда өткізіп жатқан. Дерек мәліметтерінде
баяндалғандай, Әбілқайыр хан қалмақтар жорығы туралы хабардың рас-
тығына көз жеткізгеннен кейін, ол жарлық шығарып, Бахтияр сұлтан мен
Ахмед сұлтандарды әскердің басшысы етіп бекітеді.
Кухистани Көк Ке-
І тарау. Қазақ хандығының деректік негіздері және қалыптасу кезеңдері
171
сене түбіне аттанған шибанилық сұлтандар мен шибанилық ру-тайпа
басшыларының
тізімін көрсетеді, бірақ онда ордаежендік әулет өкілдері
мен ордаежендік әулетті қолдайтын тайпа атаулары кездеспейді.
Достарыңызбен бөлісу: