31
(қалай?).
Жалпы алғанда портфельді талдау – ол кәсіпорын басқармасының
сайманы ретінде қолданылады және шаруашылық қызметін
бағалайды. Сонымен қатар ол қаражатты ең табысты болмаса
болашағы бар бағыттарға салуды көздейді. Аталмыш мәселелерге
байланысты И. Ансоффтың ұсыныстарына көңіл аудармауға
болмайды. Олар:
•
бірде-бір компания технологияның көнеретінен, сұраныстың
көптігі және әлеуметтік-саясаттық өзгерістердің қауіпті екенін
сезінеді;
•
кейбір салаларда тұрақты түрде қадағалап отыратын
жағдайлар бар – стратегиялық қауіптердің және сыртқы ортада
жаңа мүмкіндіктердің
пайда болуы;
•
барлық компаниялар оқтын-оқтын өздерінің стратегиялық
портфельдерін қайта қарап отырулары тиіс.
3. Бәсекелестік артықшылықтардың стратегиясы
Бәсекеге қабілеттілік теориясы
және негізгі бәсекелік күштер
Стратегиялық басқарудың теориясы мен тәжірибесінде
бәсекелер және бәсекеге қабілеттілік ұғымдардың орны ерекше.
Бәсекенің негізі - ұйымдардың өз өнімі үшін тұтынушыларды сақтап
қалу, тарту үшін ұйымдардың өзара күресінде. Бұл үдеріс рыноктың
құрылымы қандай болғанына байланысты өтеді. Егерде майда
бәсекелер көп болса, онда рынокқа кіру кедергілері аз болады және
барлық қатысушылар тең дәрежеде керекті ақпаратты ала алады,
сондықтан ол жетілген бәсеке болып есептеледі. Егерде нарықта
бірнеше ғана бәсекелестер болса, онда ол олигополистикалық бәсеке
болғаны. Бұл екі түрлі бәсекенің арасында күрделі айырмашылық
бар. Егерде жетілген бәсеке жағдайында барлығы сапа деңгейімен
және өндірілген өнімнің тиімділігімен анықталса, онда олигополия
жағдайында бәсекенің негізгі құралы құпия келісім болып табылады.
Ол кіруге кедергі жасайды, ақпараттарды алуға шектеу қояды және
т.с.с.
Бәсекеге қабілеттілік – ол бәсекелесудегі алғырлық мүмкіндігі,
ал бәсекелестік артылықшылықтар – ол бәсекелесуге оңды әсер
етеді, бәсеклестік артықшылықтар – ол тек нақтылы субъектілердің
33
қызметтердің пайда болуы);
•
бар фирмаларды шоғырландыру дәрежесі (салалардың
құрылымы, сұраныстың жағдайы).
Тауарлардың, ұйымдардың,
аймақтардың бәсекелік артықшылықтары
Тауардың бәсекелік артықшылықтары дегеніміз тауардың
нарықта басқа тауарлармен бәсекелесе алатынын қасиеті. Қазіргі
заманда тауардың бәсекелестік артықшылықтары әртүрлі. Дәстүрлі
артылықшылықтары – баға мен сапа. Мысалы, көптеген қытайлық
тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі бағаға байланысты. Сонымен
бірге екі белгі «баға – сапа» қатар жүреді. Ол кезде бәсекелік
артықшылықтарды баға мен сапаның арақатынастары арқылы
түсіндіреміз.
Ұйымның бәсекелестік артықшылықтары – ол активтер мен
фирмалардың сипаттамасы (жабдықтар, сауда маркасы, шикізатқа
меншіктік құқы, иілмелдігі, персоналдың біліктілігі және т.б.).
Олар бәсекелестікке таласушылар алдында өзінің артықшылығын
байқатады. Бәсекелік артықшылықтардың құпиясы - өндірістің
сәтті интеграциялануы болмаса фирманың мамандандырылуы.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай бәсекелестік қабілеттілігінің
шешуші факторларының бірі - ақпараттық фактор, сонымен қатар
коммерциялық бәсекелестік фактор – ол адам факторы.
Аймақтың (елдің, қаланың) бәсекелестік артықшылығы – ол
біліктілігі жоғары адамдармен қамтамасыз ету (осы аймаққа тарту),
сонымен қатар оның дамуын қамтамасыз ететін капиталды тарту.
Аймақтардың өзара бәсекелестігі мына бағыттарда жүреді:
•
өмір сүру қамтамасыздығы (қала халқының өмір сүруін
қамтамасыз ету үшін жаңа инфрақұрылымдарды жасау);
•
бизнес үшін ең жақсы жағдайлар жасау, ішкі және шетелдік
инвестицияларды тарту;
•
қолдағы бар
өндірістік қуаттарды сақтау;
•
коммуналдық қызмет
көрсетудің деңгейін көтеру;
•
қонақжайлылық
индустриясын дамыту;
•
ақпараттық
технологияларды пайдалану;
•
жоғары
білікті жұмыскерлердің болуы;
•
жауапкерлік және тиімді жергілікті басқару.
Аймақтың әдеттегі бәсекелік артықшылығы – ол табиғи