38
және басқарушы «Ноу-Хоу».
7. ЖШФ (жетістіктің шешуші факторларының) басқа да типтері:
ұнамды абырой және абыройдың өзін жетекші ретінде сезіну;
қаржылық капиталға қол жеткізу мүмкіндігі; патенттік қорғау;
жалпы төмен шығындар.
Стратегиялық менеджменттегі
бәсекенің нысандары мен әдістері
Бәсекенің нысандары: 1. Заттық – бір ассортименттік
топтағы тауарлар арасындағы бәсеке; белгілі бір қажеттілікті
қанағаттандырудағы объектілер арасындағы бәсеке. 2. Тауарлар,
объектілер, ауыстырушылар арасындағы функционалдық бәсеке. 3.
Дербестік арасындағы бәсеке.
Бәсекенің әдістері:
•
сапаны көтеру негізінде (бағалық емес); (Р. А. Фатхутдинов)
•
тауарды тұтынушылардың сервис сапасын көтеру
белгілерінің негізінде;
•
бағаны түсіру негізінде (бағалық);
•
тұтынушылардың
шығыстарын азайту негізінде;
•
басқару үдерістерінің сапасын көтеру негізінде;
•
объект пен субъектінің барлық артықшылықтарын пайдалану
негізінде (интеграция).
Бәсеке мынадай деңгейлерде өтуі мүмкін:
•
жергілікті (топтар,
бөлімшелер, ұйымдар және т.б.);
•
аймақтық (аудан, қала, облыс);
•
ұлттық (елде);
•
ұлтаралық (бірнеше елдерде);
•
жаһандық (әлем мөлшерінде).
4. Маркетинг стратегиясы
Стартегияны қалыптастыруда сала өмір циклінің қандай
кезеңінде екенін ескеру қажет (туындау, тез өсу, жеткен құлдырау).
Салада жағдайдың бес классикалық түрі бар:
1. жаңа және тез дамып
келе жатқан салалардағы бәсеке;
2. тоқыраушылық және төмендеу жағдайдағы салалардың
бәсекесі;
3. жеткен сатыда тұрған салалардың бәсекесі;
39
4. бөлектенген
салалардағы бәсеке;
5. халықаралық рыноктардағы бәсеке және фирмалардың
үш классикалық ахуалы – рыноктағы модерн-фирмалар; екі рөл
атқаратын фирмалар; әлсіз немесе дағдарыстан азап шеккен
компаниялар.
Маркетинг стратегияларын талдау нәтижесінде оларды біраз
белгілер арқылы жіктеуге мүмкіндік бар:
•
фирманың шыққан негізі, даму логикасы және басқару
дәстүрі;
•
сұраныстың қалыптасқан және әлеуеттілік ерекшеліктері,
рынок коньюнктурасы;
•
фирманың сипаттамасы: оның көлемі, нарықтағы абсолюттік
және салыстырмалы үлесі, нарықтағы белсенділік дәрежесі:
•
фирма үшін дәстүрлі басымдықтар.
Фирманың құрылған негізі және даму қисынының белгісі
бойынша стратегиялық маркетингтің келесідей үлгілерін көрсетуге
болады:
жоспарлық, кәсіпкерлік және тәжірибелік.
Салалардың тоқырау кезінде жетістікке жеткен компаниялар
негізінде келесідей стратегияларды ұстанады: 1) болашағы бар
нарықтық бөлшектерді жасау және әзірлеу стратегиясын ұстану;
2) сапаны жақсарту және инновациялар арқылы дифференциялау
жолы; 3) шығынның деңгейін түсіру үшін үздіксіз ынталы жұмыс
істеу.
Іскерлік стратегияларды әзірлеудің он үш өсиеті
Белсенді іскерлік, тәжірибе дәлелдегендей, дағдарыс пен
сәтсіздікті болдырмау үшін стратегияны құруда нақтылы
қағидаларды басшылыққа алу керек. Іскерлік тәжірибеде он үш
өсиет бар. Соларға сүйене отырып жетілдірген стратегиялық
жоспарларды әзірлеуге мүмкіндік туады.
Ол өсиеттер мынандай:
1. Стратегияны әзірлеу және іске асыру барысында фирманың
бәсекелстік жағдайын ұзақ мерзімде күшейтетін әрекеттерге аса
көңіл аудару қажет.
2. Жақсы әзірленген және нақтылы іске асырылған бәсекеге
қабілетті стратегия керек екенін мойындаған жөн. Себебі ол
салада фирманың абыройын және мойындаған жағдайын білдіреді.
Сонымен қатар жиі өзгеретін стратегия ретінде ол тек қапелімде,