2. Бөлінгіштік.Бөлінгіштік қасиеттері.
Сандардың жазылулары бойынша, бір санның екінші санға бөлінгіштігін анықтайтын ереже бөлінгіштік белгісі деп аталады. Алгебра бөлу амалын орындамай-ақ, берілген санның қай бөлгішке бөлінетінін, қайсысына бөлінбейтінін алдын ала анықтауға болатын белгілерді табуды едәуір жеңілдетеді. 2-ге, 3-ке, 4-ке, 5-ке, 6-ға, 8-ге, 9-ға , 10-ға және 11-ге бөлінгіштік белгілері. Санға бөлінгіштік қасиеттері:
2- ге бөлінгіштік белгісі:
Жұп сандар 2-ге бөлінеді.
3- ке бөлінгіштік белгісі:
Берілген санның цифрларының қосындысы 3- ке бөлінсе, ол сан 3-ке бөлінеді.
Мысал 1: 4211346 саны 3-ке бөлінеді. Себебі, 4+1+1+3+4+6=21, 21 саны 3-ке бөлінеді.
Мысал 2: abc-3-ке бөлінетін сан. a2b8c3 санын 3-ке бөлгенде, қандай қалдық шығады?
Шешуі: a+b+c=3k k — бүтін сан.
a+2+b+8+c+3=a+b+c+13=3k+13=3k+12+1=3(k+4)+1.
|