|
 Сабақтың тақырыбы: Атом өнеркәсібі Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
бет | 2/4 | Дата | 04.09.2023 | өлшемі | 0,52 Mb. | | #43226 | түрі | Сабақ |
| № 5 Атом өнеркәсібіБағалау критерийлері:
|
таза ғылыми стильді тілдік құралдары арқылы дәлелдейді;
оқылым және тыңдалым материалдарын меңгереді;
алынған ақпараттар бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгереді;
негізгі ақпаратты іріктейді.
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы:
30 мин.
|
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру:
- Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір-бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық. (Оқушылар «Досыммен бірге» ойыны арқылы бір-біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне арнаған тілектерін айтады.)
ОҚЫЛЫМ АЛДЫ.
Қызығушылықты ояту. Ойтүрткі сұрақтарына жауап
беріңдер.
1. Өнеркәсіптің қандай түрлерін білесіңдер?
2. Атом өнеркәсібінің ел өмірінде алатын орны қандай?
Атом өнеркәсібінің адамзатқа тигізетін зардабы туралы өзара диалог құрыңдар. Талқылау сұрақтарын құрастырып, сыни тұрғыда баға беріңдер.
Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлерін анықтайды.
ІІ. ОҚЫЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ
Таза ғылыми стильдегі мәтінді оқып, құрылымын, жанрлық ерекшеліктерін талдаңдар.
Тапсырма.
1.Мәтіннен тақырыпқа қатысты терминдер мен ұғымдарды теріп жазыңыз. __________________________________________________________
2. Мәтінде айтылу мақсатына қарай сөйлемнің қандай түрлері қолданылған? Мысал келтіріңіз __________________________________________________________
3. Етістіктер қай шақта қолданылған? Мысалдар келтіріңіз. __________________________________________________________
4. Мәтінде ғылыми стильге тән қандай шартты белгі кездеседі? Дәлел келтіріңіз. __________________________________________________________Дескриптор:
- мәтіннің стилін анықтайды;
- стильге тән дәлелдер келтіреді;
- мәтіннен тақырыпқа қатысты терминдер мен ұғымдарды теріп
жазады;
- сөйлем түрлерін ажыратады;
- мысал келтіреді;
- етістіктің шақтарын анықтайды;
- мысал келтіреді;
- ғылыми стильге тән шартты белгілерді табады;
- қолданылу мақсатын түсіндіреді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|