«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
176
Қоғамның жедел жаңаруы үшін білім саласының, әсіресе қоғам үшін
болашақ мамандарды даярлайтын жоғары кәсіби білім беру жүйесі жедел
жаңаруы керек. Бұл мәселеге келгенде, Қазақстанның жоғары білім жүйесі
сәтті реформаны жүзеге асырып үлгерді. Бүгінгі білім саласына енгізілген
үш сатылы білім беру, кредиттік жүйе, білім саласына мемлекет қана емес,
жалпы қоғамның араласуы – инновациялық реформалардың бастапқы
жемісі. Бүгінгі таңда әлемдік бәсекеге қабілетті кәсіби даярлығы жоғары,
өз білімін ұдайы жетілдіріп отыратын, шығармашыл, ізденімпаз,
инновациялық даярлығы қалыптасқан ғылыми-зерттеу жұмыстарын
жүргізе алатын маман даярлау басымдықтар биігіне көтерілді. Жаһандану
жағдайында білім берудің мақсаты мен мәнінің өзгеруі «білім беру
технологиясы»,
«педагогикалық
технологиялар»,
«инновациялық
технологиялар» деп алатын жаңа ұғымдардың пайда болуына ықпал етті.
Қазіргі инновациялық технологиялар педагогика ғылымы мен
практикасының жетістіктерін, дәстүрлі тәжірибедегі құнды дүниені,
әлеуметтік прогрестің жетістіктерін, қоғамдағы гуманизация мен
демократия жемісін жинақтаушы қызметін атқарады. Педагогикалық
жаңалық - жаңа идеялар, әдістер, технологиялар ғана емес, педагогикалық
процесс элементтерінің бірлігінің немесе жеке элементтерінің білім беру
мен тәрбиелеудегі белгілі міндеттерді тиімді шешу жолы. Бұл маңызды
мәселе әсіресе жоғары мектеп, оның ішінде болашақ педагогтарды
даярлау үшін құнды. Аталмыш мәселе көптеген ғылыми зерттеулерге негіз
болған. Инновациялық процесті зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан
екінші жаңа жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу процесіне басшылық
жасау мәселелерін зерттеу маңыздылығы Н.В.Горбунова, М.В.Кларин,
А.В.Лоренсов,
М.М.Поташник,
П.И.Пидкасистый,
Л.И.Романова,
В.И.Загвязинский,
А.Я.Найн,
Т.И.Шамова,
О.Г.Хомерики,
Н.Р.Юсуфбекова және т.б. зерттеулерінде қарастырылған. Инновациялық
білім берудің мазмұнын жетілдіру, оны инновациялау мәселелерін
Ю.К.Бабанский, В.С.Библер, Ю.С.Гершунский, В.П.Кваша, В.С.Лазарев,
В.Я.Ляудис, А.В.Лоренсов, В.М.Полонский, С.Д.Поляков, М.М.Поташник,
А.И.Пригожин және т.б. қарастырған.
Қазақстанда білім беру саласындағы педагогикалық инновация мен
оқытудың жаңа технологиясы мәселелерін Ш.Т.Таубаева, Н.Н.Нұрахметов,
С.Н.Лактионова,
Е.З.Батталханов,
Қ.Қ.Қадашева,
Т.О.Балықбаев,
Ж.А.Қараев, Г.К.Нұрғалиева, К.Бұзаубақова, С.Д.Мұқанова, Н.И.Хван,
Л.Е.Румянцева, З.У.Имжарова, М.М.Мұқаметқалиқызы және т.б. педагог-
ғалымдар зерттеген.
Педагогтардың кәсіби сапасын арттыру, олардың педагогикалық
білігін қалыптастыру О.А.Абдуллина, С.И.Архангельский, Н.В.Кузьмина,
В.А.Сластенин, Г.А.Уманов, Н.Д.Хмель зерттеулерінде; мұғалімнің
инновациялық және психологиялық-педагогикалық даярлығын жетілдіру