67
ПК-5,25 және ПК-3,5 компрессорлары жетектегі төлкелі-тісті
жалғастырғышпен жабдықталған. Тістермен 19 байланыстырылған
жетекші 21 және жетектегі 20 жартылай жалғастырғыштардың
арасында, компрессор немесе қозғалтқыштың орналастырылуын
бұзбастан, желдеткіштің сына-белдікті берілісінің белдігін 17
ауыстыруды қамтамасыз етуге арналған саңылау қарастырылған.
ПК типті компрессорлар бос жүріс прежиміне ауысуға арналған
жеңілдеткіш құрылғылармен жабдықталмаған. Дизельді жетегі бар
тепловоздардағы олардың жұмысын қамтамасыз ету үшін бос жүрістің
арнайы клапандары қарастырылған, олардың конструкциясы және
әрекет ету принципі бұдан әрі қарастырылатын болады.
3.4.
ЭК-7Б және ЭК-7В компрессорлары
ЭК-7Б және ЭК-7В компрессорлары – бір сатылы, цилиндрлері
көлденеңінен орналасқан қосцилиндрі бар, сәйкесінше тұрақты және
айнымалы токты электрпойыздарда қолданылады. Олар бір бірінен тек
қана жетекті электрқозғалтқыш түрімен ғана ерекшеленеді.
Компрессордың шойын корпусының 1 (3.11-сурет) екің қуысы бар:
қуыстың сол бөлігінде қоссатылы бәсеңдеткіш орнатылған, ал оң жақ
бөлігінде – екі бір қатарлы 19 және 21 шарикті мойынтіректері бар
иінді білік
2 орналастырылған.
Бәсеңдеткіш тегершіктерден
26және 27 және тегершік блоктарынан
12 және
14тұрады, олар эксцентрикті өсте
16 айналады
,олардың
ұштарында тіреу мойындары
18бар
.Өстің қалпы 16 тоқтатқыш
бұрамамен
11 бектіледі. Жақсы майлануы үшін эксцентрикті өс
16 төрт
өтпелі майлы каналдары 17 бар қуыс түрінде орындалған. Тегершікке
14 қола төлке 13 престелген. Электрқозғалтқыштың білігіне 28
орнатылған тегершік
27, тегершік блоктары 12 және 14 арқылы,
компрессордың иінді білігінде орнатылған тегершікке 26 айналым
береді. Бәсеңдеткіш тегершіктері ішінара
майлы ваннаға салынған және
бәсеңдеткішті тұтастай майлайды.
1 корпуста 22 және 25 қақпақтармен жабылған терезелер бар.
Қақпақта 25 ауашығарғыш
24орнатылған. Копустың фланеціне
қақпақпен 9 жабылған цилиндрлер блогі 7 бекітілген
.Цилиндрлердің
арасында аралық бөліктің 8 корпусы орнатылған. Цилиндрлердің блогі
және қақпақтың жылуберілісін жақсартуға арналған қабырғалаулары
бар. Аралық бөліктің корпусында, ПК-5,25 компрессорының
клапандарының конструкцияларына ұқсас пластиналы серіппелі сору
және айдау клапандары бар. Әрбір цилиндрге алты-алты пластинадан
жұмыс істейді: үшеуі соруға және үшеуі айдауға.
Шойын поршеньдер
6бұлғақтармен
10 поршень сұққыларының
5
көмегімен байланыстырылған. Бұлғақтардың артқы бастиектерінің
(иінді
білік жағынан) ашпалы қақпақтары
23 бар алмалы
мойынтіректері
3 бар;