Басты сұыққойманы тексеру және сынау туралы мәліметтерді оның
техникалық паспортына енгізеді. Корпусына краскамен трафарет
бойынша ішінара немесе толық өткізілген ТК күні мен орны жазылады.
Бақылау сұрақтары
1. Локомотивті компрессорлық қондырғының мақсаты қандай?
2. Жылжымалы құрамды қолданылатын компрессорлар қандай
белгілері бойынша жіктеледі?
3. Компрессор жұмысының негізгі көрсеткіштері қандай?
4. КТ-6, КТ-7 және КТ-6Эл компрессорлары конструкцияларының
айрықша ерекшеліктері қандай?
5. Локомотивті компрессорларда түйіндерді және бөлшектерді
майлаудың қандайтәсілдері қолданылады?
6. 3РД және АК-11Б қысымды реттегіштерінің құрылысы қандай
және қалай жұмыс істейді?
7. Басты резервуарлардың мақсат-міндеті қандай?
8. Пайдалану барысында басты резервуарлар қандай техникалық
куәландыру түрлерінен өтеді?
79
4 - т а р а у
ТЕЖЕУІШТЕРДІ БАСҚАРУ ҚҰРАЛДАРЫ
4.1. Машинисттің крандары. Машинист
крандарының мақсаты мен түрлері
Машинисттің крандары жылжымалы құрамның тікелей әрекет
етуші және тікелей әсер етпейтін тежеуіштерін басқаруға арналған.
Локомотивтерде екі типті крандар қолданылады:
уақытша;
бұрыштық.
Уақытша крандардың градациялық секторы бар, онда тұтқаның
жұмыс қалыптары белгіленеді. Осы қалыптардағы кран тұтқасын
ұсталымы сәйкес әрекетті алуды анықтайды. Осы түрдегі машинист
крандарының бөліп таратқышы бар, ол тежеуіш магистралін (ТМ)
басты сұйыққоймамаен (ГР) және атмосферамен (Ат) байланыстырады.
Бұрыштық крандардың әрекеті кран тұтқасының бастапқы
қалыптан бұру бұрышына байланысты болады.
Машинист кранының конструкциясына келесі техникалық талаптар
қойылады:
тежеуіштерді зарядтау және жіберу процестерін жылдамдату үшін
басты резервуарлардың қысымдары қолданылуы тиіс ;
кран тежеуіш магистраліндегі кез келген жоғары
зарядты қысымнан
қарқынмен реттелетін зарядтау деңгейіне автоматтты түрде
өтуі тиіс;
тұтқаның пойыздық қалпында кран тежеуіш магистраліндегі талап
етілген
берілген қысымды сақтауы тиіс;
кранның қайта жабу қалпы болуы тиіс; дұрысы, екі қалыпты:
тежеуіш магистралінен жылыстауларды қуаттандырумен және
қуатандырусыз;
қызметтік тежеуді кран зарядтау қысымының кез келген деңгейінен
белгілі қарқынмен қамтамсыз етуітиіс, толық
және сатылы;
тежеуіштерді босату толық
немесе сатылы болуы тиіс;
кранның тұтқасын пойыздық жағдайда босатқан кезде тежеу
магистраліндегі басты қысым секірісінің мәні мен тежеудің алдыңғы
сатысындағы мәндерінің арасында автоматты түрде байланыс болуы
тиіс;
шұғыл тежелу кезінде кран тежеу магистралінің атмосферамен
тікелей байланысын қамтамасыз етуі тиіс.